F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Театр, косплей және медиа студиясы бар: Сарытеректе бірегей мәдениет үйі ашылды

F16 F16
13.11.2026, 15:30
Жаңалықтар

Зайсан ауданының Сарытерек ауылындағы мәдениет үйі тұтас жаңартылып, қайта ашылды.

Мәдениет үйінің ашылуына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева қатысты.

1961 жылы салынған ғимарат ұзақ жылдар бойы ауыл мәдениетінің  ошағы болды. Енді заман талабына сай жаңартылып, заманауи жабдықтармен жарақталды. Жаңа мәдениет үйі 180 адамға арналған мәдени-рухани орталыққа айналды.

«2024-2025 жылдары облыстық бюджеттен мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 345 млн теңге бөлінген. Аумақты абаттандыру мен қосымша жөндеу жұмыстарына тағы 11,6 млн теңге бағытталды» — делінген облыс әкімдігінің ресми телеграм-арнасындағы ақпаратта.

Нысанды жаңғыртуға «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры да қолдау көрсеткен. Қордың көмегімен жүзеге асқан «QH Мәдени даму алаңы» жобасы аясында мәдениет үйі заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып, оған іргелес аумақ жабдықталыпты. Жобаға жалпы сомасы 185,2 млн теңге бағытталып, ауылдық кітапхана да жаңғыртылған.

 «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше мән беріп келеді. Біздің басты мақсатымыз — қала мен ауыл тұрғындарына мәдени игіліктерге қол жеткізуде тең мүмкіндік жасау. Ауыл баласы да туған жерінде өнерін шыңдап, қабілетін дамыта алуы тиіс. Осы орайда ауыл мәдениетін дамытуға қолдау көрсетіп, жобаның жүзеге асуына зор үлес қосқан «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына алғысымды білдіремін», — деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Жаңартылған мәдениет үйінде түрлі шығармашылық бағыттарды дамытуға арналған арнайы студиялар бар.  Медиастудияда фото және бейнетүсірілім жасауға, бейнемонтаж бен цифрлық контент әзірлеуге болады. Ал дыбыс жазу студиясы ән жазып, музыкалық шығармаларды кәсіби деңгейде өңдеуге мүмкіндік бар.

Сондай-ақ фольклорлық студия, домбыра, баян және қобыз үйірмелері, театр, вокал және косплей студиялары жұмыс істейді. Хореография залы да жас өнерпаздардың шығармашылық ізденісіне жол ашады.

Косплей студиясында түрлі кейіпкерлердің бейнесін жасап, костюмдер әзірлеу арқылы ауыл жасөспірімдерінің қиялы мен шығармашылық қабілетін шыңдауға мүмкіндік бар.

Тегтер: ЗайсанМәдениет үйіСарытерекШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аэродром дайын: Зайсан әуежайы ашылатын күн алыс емес

Аэродром дайын: Зайсан әуежайы ашылатын күн алыс емес

13.11.2026, 19:30
Өскеменде «Мықты отбасы – қуатты қоғам» форумы өтті

Өскеменде «Мықты отбасы – қуатты қоғам» форумы өтті

13.11.2026, 18:16
Шығыс жастары экологиялық жауапкершілік мәселесін талқылады

Шығыс жастары экологиялық жауапкершілік мәселесін талқылады

13.11.2026, 16:46
ОСК төрағасы ШҚО-дағы сайлау комиссияларының деңгейіне баға берді

ОСК төрағасы ШҚО-дағы сайлау комиссияларының деңгейіне баға берді

13.11.2026, 16:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Аэродром дайын: Зайсан әуежайы ашылатын күн алыс емес

13.11.2026, 19:30

Өскеменде «Мықты отбасы – қуатты қоғам» форумы өтті

13.11.2026, 18:16

Шығыс жастары экологиялық жауапкершілік мәселесін талқылады

13.11.2026, 16:46

ОСК төрағасы ШҚО-дағы сайлау комиссияларының деңгейіне баға берді

13.11.2026, 16:34

Президент «Самұрық Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

13.11.2026, 15:36

Театр, косплей және медиа студиясы бар: Сарытеректе бірегей мәдениет үйі ашылды

13.11.2026, 15:30

NASA Space: Өскеменде алғаш рет ғарыш фестивалі өтеді

13.11.2026, 11:12

ШҚО-да сайлау науқанына дайындық барысы пысықталды

13.11.2026, 10:05

18-ден асқан «ерекше» балаларды қолдау орталығы жоқ: Өскемен тұрғындары мәселе көтерді

13.11.2026, 09:20

Алтайдың жәрмеңке-керуені Алатауға жол тартады

12.11.2026, 16:47

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған