F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскеменде «Мықты отбасы – қуатты қоғам» форумы өтті

F16 F16
13.11.2026, 18:16
Жаңалықтар
Фото: Аяужан Утеулинова

Фото: Аяужан Утеулинова

Облыс орталығында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Шемонаиха ауданының мәдени және әлеуметтік-экономикалық бағыттағы іс-шаралары өтіп жатыр.

 «Мықты отбасы – қуатты қоғам» атты форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар мен сала мамандары қатысып, отбасылық қарым-қатынасты нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен ажырасудың алдын алу, әйелдердің репродуктивті денсаулығы және әйелдер көшбасшылығын дамыту мәселелерін талқылады.

Іс-шарада облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Сауле Рахметуллина сөз алды.

«Жаңа Конституцияда отбасы мәселелері нақты көрсетілген. Демографиялық өзгерістер, некеге тұру мен ажырасу көрсеткіштерінің динамикасы, репродуктивті денсаулықтың жай-күйі, отбасылық қарым-қатынастың тұрақтылығы, әйелдердің қоғамдағы орны, зорлық-зомбылықтың алдын алу және жастардың құндылық бағдарлары үнемі назар аударуды, кәсіби талдауды және барлық мүдделі құрылымдардың үйлесімді жұмысын талап етеді», – деді Сәуле Рахметуллина.

Қазір өңірде арнайы баспанасы бар үш дағдарыс орталығы және «Жанұя» отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Онда азаматтарға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері осы сипаттағы фактілер бойынша 2,5 мыңнан астам өтініш тіркелген. Дағдарыс орталықтарына 430 адам жүгінсе, 43 әйел арнайы баспаналарға орналастырылған.

Спикердің айтуынша, көмек дер кезінде көрсетілуі керек. Ол үшін зардап шеккендерді қорғау, заңгерлік кеңес беру, психологиялық қолдау көрсету және қажет болған жағдайда уақытша баспанамен қамтамасыз ету маңызды. Ал зорлық-зомбылықтың алдын алу тек оның салдарын түсіндірумен шектелмеуі тиіс. Қоғамда өзара құрмет мәдениетін қалыптастырып, агрессияға төзбеушілік қағидатын орнықтыру қажет.

Форумда әйелдердің репродуктивті денсаулығына да ерекше назар аударылды. Бұл тақырыпты ШҚО әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Зарина Камасова көтерді.

«Менің ойымша, әйелдер үшін гендерлік мәселелермен қатар, әйел денсаулығы, әсіресе репродуктивті денсаулық тақырыбы өте маңызды. Яғни жастарды, болашақ ұрпақты қалай тәрбиелеп, дайындаймыз деген мәселе өзекті. Психологиялық қолдаудың да маңызы зор. Мұнда білікті психологтар бар. Осындай кездесулерде әйелдерді толғандыратын мәселелерді көтереміз», — деді Зарина Камасова.

Әйелдер денсаулығы мәселесіне акушер-гинеколог, ШҚО-ның бас репродуктологы Надира Слямханова да тоқталды.

«Әйел адам көмекке жүгінуден қорықпауы керек. Репродуктивті сауаттылық – ақпараттандырылған таңдау жасау құқығы. Бұл дегеніміз – сенімді ақпарат алу, денсаулыққа байланысты өзгерістерді түсіну, инфекциялардың алдын алу және мамандардың кеңесіне қол жеткізу. Бүгін әйел денсаулығына қамқорлық жасау – еліміздің болашағына салынған инвестиция», – деді Надира Слямханова.

Оның айтуынша, ауруларды ерте анықтауға және босанғаннан кейінгі кезеңге ерекше көңіл бөлу қажет. Себебі бұл уақытта да әйел медициналық бақылау мен отбасының қолдауына мұқтаж.

Форумның үшінші бағыты – әйелдер көшбасшылығы мәселесі. Облыстық ішкі саясат басқармасының гендерлік саясатты іске асыруға бағытталған жобасы туралы психология ғылымдарының докторы, «Аддиктология және психикалық денсаулық» ұлттық ғылыми-ақпараттық орталығының директоры Наталья Фесенко баяндады.

«Біз Шығыс Қазақстан облысында гендерлік саясатты іске асыруға бағытталған ішкі саясат басқармасының жобасы бойынша екінші рет жұмыс істеп жатырмыз. Әйелдермен және студенттермен кездесулер өткіземіз. Жұмысымыз отбасылық құндылықтарды нығайту, ажырасудың алдын алу және әйелдер көшбасшылығын дамыту бағыттарын қамтиды. Қазір ажырасу мәселесі өте өзекті әрі күрделі болып отыр. Біз әйел кәсіпкерлермен, мемлекеттік сектор мен түрлі құрылымдардың өкілдерімен жұмыс істейміз. Мақсатымыз – олардың жұмыс тиімділігін арттыруға, мүмкіндіктерін кеңейтуге және мансапта өсуіне, басқа да салаларда жетістікке жетуіне көмектесу», – деді Наталья Фесенко.

Форум қорытындысында қатысушылар гендерлік саясатты жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірледі. Олардың қатарында репродуктивті денсаулықты жақсарту, ажырасу мен зорлық-зомбылықтың алдын алу, психологиялық көмекті дамыту, сондай-ақ әйелдердің кәсіби және қоғамдық өмірде өз мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері бар.

Тегтер: әйелдер көшбасшылығыМықты отбасы – қуатты қоғамШемонаиха ауданы
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аэродром дайын: Зайсан әуежайы ашылатын күн алыс емес

Аэродром дайын: Зайсан әуежайы ашылатын күн алыс емес

13.11.2026, 19:30
Шығыс жастары экологиялық жауапкершілік мәселесін талқылады

Шығыс жастары экологиялық жауапкершілік мәселесін талқылады

13.11.2026, 16:46
ОСК төрағасы ШҚО-дағы сайлау комиссияларының деңгейіне баға берді

ОСК төрағасы ШҚО-дағы сайлау комиссияларының деңгейіне баға берді

13.11.2026, 16:34
Президент «Самұрық Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

Президент «Самұрық Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

13.11.2026, 15:36

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Аэродром дайын: Зайсан әуежайы ашылатын күн алыс емес

13.11.2026, 19:30

Өскеменде «Мықты отбасы – қуатты қоғам» форумы өтті

13.11.2026, 18:16

Шығыс жастары экологиялық жауапкершілік мәселесін талқылады

13.11.2026, 16:46

ОСК төрағасы ШҚО-дағы сайлау комиссияларының деңгейіне баға берді

13.11.2026, 16:34

Президент «Самұрық Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

13.11.2026, 15:36

Театр, косплей және медиа студиясы бар: Сарытеректе бірегей мәдениет үйі ашылды

13.11.2026, 15:30

NASA Space: Өскеменде алғаш рет ғарыш фестивалі өтеді

13.11.2026, 11:12

ШҚО-да сайлау науқанына дайындық барысы пысықталды

13.11.2026, 10:05

18-ден асқан «ерекше» балаларды қолдау орталығы жоқ: Өскемен тұрғындары мәселе көтерді

13.11.2026, 09:20

Алтайдың жәрмеңке-керуені Алатауға жол тартады

12.11.2026, 16:47

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған