Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған жолаушыларға көмекке келді, деп хабарлайды F16.kz.
Оқиға Алтай ауданындағы Северное ауылының маңында болған. Күре жолдан бірнеше шақырым жерде қар құрсауында қалған көлікте екі адам болған.
— Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқиға орнына жетіп, көлікті қардан шығарып алуға көмектесті, — деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Көліктегі жолаушы мен жүргізушіге медициналық көмек қажет болмады.




