Әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың үшінші турының қорытындысы бойынша шығысқазақстандық «BEREL» волейбол клубы турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды F16.kz.
Ақтөбе қаласында өткен үшінші турда жерлестеріміз жоғары ойын деңгейін көрсетіп, жергілікті команданы екі кездесуде де тізе бүктірді.
Екі ойынды да «BEREL» командасы 3:0 есебімен аяқтады.
Үш турдың қорытындысы бойынша «BEREL» турнир кестесінің бірінші сатысына шықты.
Алда команданы жаңа кездесулер күтіп тұр. Шығысқазақстандық волейболшылар Ұлттық лигадағы жоғары орындар үшін күресті жалғастырады.




