Жаңа Бұқтырма кентінде коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Биыл республикалық бюджеттен квартал ішілік жылу желілерін жаңартуға 5 млрд теңге бөлінді. Ал 2024 жылы мұнда магистральдық жылу желілері толықтай ауыстырылып, өткен жылы пайдалануға берілген.
Инженерлік инфрақұрылымды дамыту жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, Шығыс Қазақстандағы басты туристік бағыттардың бірі саналатын Бұқтырмаға келетін демалушылар үшін де қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қазір Алтай ауданында туризмді дамыту жұмыстары қолға алынған. 2024 жылдан бастап Жаңа Бұқтырма кенті абаттандырылып, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолы жөнделіп, ойын алаңдар орнатылды. Үш жыл ішінде үлкен жұмыстар атқардық. Орталық алаң жөнделі, екі субұрқақты жақында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Кәсіпкерлермен де бірлеге жұмыстар жүргізіліп жатыр, — деп атап өтті Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.
Сондай-ақ аудан әкімдігі биылғы шомылу маусымына дайындық барысында 17 кәсіпкермен меморандумға қол қойған. Оның аясында демалыс базаларының иелері жағажайды ретке келтірді. Ал, қазіргі уақытта жергілікті өнерпаздар Бұқтырма жағалауындағы туристерге арнап әр сенбінің кешінде концерт ұсынады.




