F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қоқыс, бейберекет сауда: әйгілі Рахман қайнары күресінге айналды

F16 F16
28.07.2025, 18:01
Жаңалықтар, Катонқарағай
Фото: Катонқарағай ұлттық паркі

Фото: Катонқарағай ұлттық паркі

Биылғы қаңтар айында мемлекет меншігіне өткен Рахман қайнары тозып тұр. Көлдің төңірегі күресінге айналып, мұрты бұзылмаған тұмса табиғат қоқысқа толды. Шығыстағы әйгілі шипажайдың мәселесін әлеуметтік желі қолданушылары дүркін-дүркін көтеріп, дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды F16.kz.

Көлдің төңірегі қоқысқа толды

Кейінгі бірер жыл мұғдарында ресми жұмыс істемей тұрғанымен Рахман қайнарын бетке алған жұрттың қатары жыл санап артпаса, кеміген жоқ. Бұл жер туристердің ең сүйікті демалыс орнына айналды рас. Алыс-жақыннан ағылған саяхатшылар Алтайдың төріне ат шалдырып, шипалы көлді көруге асығады. Туристердің көптігі жақсы шығар, одан жергілікті тұрғындар да, мемлекет те ұтпаса ұтылмайды. Бірақ туристерден кейін тау болып үйіліп қалатын қоқысты кім шығарады? Шипажайдың тазалығына кім жауапты?..

Қазір бұл жұмысты міндетті болмаса да Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері амалсыз атқарып жүр. Ұлттық парк өкілдері шипайжай аумағын қоқыстан тазарту олардың құзыретіне кірмейтінін айтты.

Рахман орманшылығының инспекторлары арнайы қоқыс жәшіктерін орнатып, қалдықтарды аптасына 1-2 рет полигонға шығарып отырады. Олар жәшіктердің ғана тазалаумен шектелмей, шипажай аумағын түгел қоқыстан тазартады. Бірақ қалдықтарды жинау мемлекеттік инспекторлардың негізгі міндетіне кірмейді, осыны есте сақтауымыз керек, – деп жазды Катонқарағай ұлттық паркі.

Табиғат қорғаушылар көлге келген демалушылардан тазалықты сақтап, қоқысты шашып кетпеуді сұрады.

Рахман қайнарындағы көпшілікті алаңдатқан жағдайға байланысты @altai_jeep_tours жобасының ұйымдастырушылары да туристерге үндеу жолдады. Бейнеүндеуде блогер туризмнің екінші қыры туралы баяндайды.

Жаға — қоқыс тастайтын жер емес. Орман — әжетхана емес. Тоқтаңыздар. Егер табиғатты шынымен аяласаңыздар, іспен дәлелдеңіздер. Қоқысты өздеріңізбен бірге алып кетіңіздер, — делінген бейнеүндеуде.

Бұрынғы сән-салтанаттан жұрнақ та қалмаған

Шипажай мемлекет меншігіне өткенде жағдай жақсарып, туризм саласы түлейді деген көптің үміті су сепкендей басылды қазір. Шашылған қоқысты айтпағанда, Рахманның аузындағы бейберет сауда, тозған үйлер, бағасына сапасы сай емес қызмет бәрі де көңілге кірбің түсіреді. Соған қарамастан санаторий аумағына кіргені үшін ақы төлейді адамдар. Жалға берілетін үйлер де бар мұнда.

Фото: видеодан алынған кадр

Жуықта блогер Ахмет Чукеев әлеуметтік желідегі парақшасында Рахман қайнары туралы ақпарат жариялады.

Бір кездері мен осы жерде – Рахман қайнары шипажайында демалған едім. Бұл нағыз керемет, ғажайып орын болатын! Көлікті ішке кіргізбейтін, заттарды арнайы гольф-карлармен таситын. Нөмірлер тап-таза, жылы, кабельді теледидар көрсететін. Ақ халат, жоғары деңгейлі қызмет көрсету, тыныштық… Ал мейрамханасы… нағыз ләззат сыйлайды.

Қазір бұл шипажай қараусыз қалған. Кейбір үйлер қираған, шөп белуардан асады. Аумағы қалың шөпке толып кеткен, ал бұрынғы жайлылық пен тәртіптің ізі де жоқ. Мұндай күйде тұрғанын көру — өте өкінішті.
Жүрегің сыздайды…

Рахман қайнары баяғыдай қайта түлей ала ма екен? – деп жазды блогер.

Сонымен қатар Ахмет Чукеев достарымен бір үйді 150 мың теңгеге жалға алғанын, бірақ ақы төлегені үшін оған ешқандай түбіртек (чек) бермегенін жазды.

Тегтер: F16
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: БҰҰ Жарғысы – тапсырыспен қолданатын құжат емес

Тоқаев: БҰҰ Жарғысы – тапсырыспен қолданатын құжат емес

22.04.2026, 15:31

Қасым-Жомарт Тоқаев экология мен болашақ туралы айтты

22.04.2026, 15:00
Бірінші сыныпқа бала жоқ: Аршаты жұрты алаңдап отыр

Бірінші сыныпқа бала жоқ: Аршаты жұрты алаңдап отыр

22.04.2026, 14:50
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді

Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді

22.04.2026, 14:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: БҰҰ Жарғысы – тапсырыспен қолданатын құжат емес

22.04.2026, 15:31

Қасым-Жомарт Тоқаев экология мен болашақ туралы айтты

22.04.2026, 15:00

Бірінші сыныпқа бала жоқ: Аршаты жұрты алаңдап отыр

22.04.2026, 14:50

Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді

22.04.2026, 14:07

ШҚО делегациясы Қарамай қаласының цифрлық индустриясымен танысты

22.04.2026, 12:40

Оқушылардың 99,9 пайызы жазғы демалыспен қамтылады — ШҚО

22.04.2026, 12:13

ШҚО-да орман өрттерінің алдын алу шаралары күшейтілді

22.04.2026, 11:45

Астанада өңірлік экологиялық саммит басталды

22.04.2026, 11:35

200 тәуліктен астам уақыт тоқтаусыз жылу берді: «Өскемен ЖЭО» жылыту маусымын аяқтады

22.04.2026, 10:25

Бизнес пен билік диалогы жаңа деңгейге көтерілді — ШҚО

22.04.2026, 09:55

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған