Қолайсыз ауа райына байланысты Өскемен әуежайында ұшақтардың ұшып—қонуы кешеуілдеп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгін, 17 қазанда Астанадан ұшып шыққан Sсat әуе компаниясының ұшағы Өскемен әуежайына қона алмай кері қайтуға мәжбүр болды. Ұшақ межелі жерге таяғанда әуежайда тұман қоюланып, көріну қашықтығы 50 метрге дейін төмендеген.
Астана-Өскемен бағытындағы ұшақ қонатын әуежайдағы күрделі метеорологиялық жағдайларға байланысты, яғни қалың тұман түсіп, көріну қашықтығы 50 метрге дейін шектеліп, белгіленген метеоминимумдарға сай келмеуі себепті ұшу әуежайына оралуға мәжбүр болды, – делінген әуе компаниясының хабарламасында.
Қазір Өскемен әуежайында ұшақтардың ұшу-қону кестесінде өзгерістер болып жатыр.




