«ВСАМ Продакшн» ЖШС үш жыл қатарынан Маралды ауылдық округін тегін көмірмен қамтып келеді.
Биыл Маралды ауылдық округінің тұрғындарына 354 тонна көмір жеткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есе көп:
- Маралды ауылы – 200 тонна
- Үшбұлақ ауылы – 90 тонна
- Қыстау-Күршім ауылы – 64 тонна
«Көмір көлемі Маралды ауылдық округі әкімі аппаратының өтініші бойынша анықталып, толық жеткізілді. Көмірді тұрғындардың өздері бөліп алады», — делінген облыс әкімдігі ұсынған ақпаратта.
Аталмыш компания ынтымақтастық туралы меморандум бойынша Күршім ауданының дамуына бес жыл ішінде 2,5 млрд теңге, яғни жыл сайын 500 млн теңге инвестиция салуға тиіс. Алайда бұл көмек меморандумда көзделген міндеттемелерден тыс көрсетіліп отыр.
«Біз осы жерде жұмыс істейміз және осы жерде тұратын адамдарға қолдау көрсетуді өз парызымыз деп санаймыз», — дейді компания өкілдері.




