17-19 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында «Туған жер — алтын бесігім» облыстық жобасы аясында Алтай ауданының күндері өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
17 қыркүйек, сағат 10:00-де — С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылады.
18 қыркүйек күні сағат 10:00-ден бастап қала тұрғындары мен қонақтары Алтай ауданын балалар мен суретшілердің көзімен көруге мүмкіндік алады. Ауданның табиғаты, туризмі, экологиялық бастамалары, мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы ақпарат алып, заманауи технологиялар мен жасанды интеллекттің Алтайға ұсынып отырған жаңа мүмкіндіктерімен таныстырылады.
Сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында өтетін «Алтай: цифрлық болашақ аумағы» көрмесі өтеді. Көрмеден ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, жетістіктері мен жаңа жобаларын, заманауи шешімдерін көре аласыздар.
Сағат 18:00-де филармонияның үлкеү залында Алтай ауданының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен үлкен концерттік бағдарлама ұсынылады.
19 қыркүйек күні сағат 08:00-де «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.




