Сәтбаев даңғылы мен Жібек жолының қиылысындағы шеңбер жолға «Мерген» автоматты кешені орнатылды, деп хабарлайды F16.kz.
Бұрын бұл учаскеде көлік қозғалысы дронмен бақыланған.
«Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтауын бақылау үшін «Мерген» автоматты кешені орнатылды», — деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бейнебақылау жүйесі ЖМК ауданына қарай өтетін бағытқа қойылды. Сондай-ақ Ертіс көпірінің тұсына дәл осындай камера орнату жоспарда бар.
Полиция департаментінің өкілдері құрылыс жұмыстары әлі жүріп жатқан жолайрықта шекті қозғалыс жылдамдығы 40 км/сағ екенін еске салды.




