Жапонияның Нагоя қаласында құрлықтағы ең ірі спорттық додалардың бірі – V Азия Пара ойындары өтіп жатыр. Аталмыш байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған шығысқазақстандық спортшылар үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды F16.kz.
Қазақстан құрамасы сапында облыс намысын Виктор Волков (пара жүзу) пен Ардақ Нұрмағамбетов (пара үстел теннисі) қорғады
Виктор Волков 100 метрге еркін жүзу жарысында қола медаль еншіледі. Ал 400 метрге еркін жүзу сайысында бесінші орынға табан тіреді.
Бұдан бөлек, үстел теннисінен Ардақ Нұрмағамбетов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол үшінші орын үшін өткен шешуші кездесуде Үндістан спортшысын жеңіп, Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды.




