F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Жігіттер» ән салды, қыздар «қой» көтерді: Қасым Қайсенов кентіндегі Наурыз тойы

F16 F16
23.03.2026, 16:29
Жаңалықтар, Ұлан
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Биылғы мерекелік шаралар ұлттық дәстүр мен салт-санаға негізделіп, тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Кент тұрғындарын құттықтауға сонау Алматыдан «Жігіттер» квартетінің әншілері келді, деп хабарлайды F16.kz.

Көктемнің басты мерекесін атап өту мақсатында кенттің орталық алаңында киіз үйлер тігіліп, мерекелік сахна құрылды. Қазақы дәстүрге сай шашу шашылып, бата беріліп, думанды шараның шымылдығы түрілді. Алаңға жиналған жұртшылық ән мен күйге бөленіп, ұлттық өнерді тамашалады. Жастар алтыбақан тепті, атқа мініп сейілдеді. Мереке барысында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, тұрғындар мен қонақтар белсенділік танытты. Арқан тарту, қой (қант) көтеру секілді ойындар көпшіліктің қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалар да көпшілік назарына ұсынылды.

Фото: F16.kz

Киіз үйлерде ұлттық тағамдардан дастархан жайылып, қонақтарға наурызкөже ұсынылды. Келген жұрт қазақтың салт-дәстүрімен танысып, ұлттық нақыштағы бұйымдарды тамашалады.

Биылғы Наурыз жылдағыдан ерекше өтіп жатыр. Алаңға жиылған жұрттың қарасы мол. Бәрі қазақы киім киіп, салт-дәстүрімізді жаңғартуға үлес қосқаны қуантады. Күн де жылынып, шуағын шашып тұр. Көпшіліктің көңіл-күйі жақсы, концертті тамашалап, ұлттық ойындарға қатысып, белсенді болып жүр. Бүгінгі мерекелік жәрмеңкеге өз қолыммен тіккен дүниелерді әкелдім. Оның ішінде сырмақ, көрпе-жастық, балалардың кілемшесі, ұлттық нақыштағы киімдер бар. Бір бөлігін ғана әкелдім, көбісі шеберханада тұр. Қолөнер бұйымдарын насихаттаудағы мақсатым кейінгі жастар ұлттық мұрамызды ұмытпай, салт-дәстүрді сақтап, қазақтың бай құндылықтарын жадына түйіп өссін деген тілек, – деді ұландық қолөнерші Ергүл Тоқай.

Наурыз – күн мен түн теңеліп, табиғат түлейтін, жаңару мен жаңғырудың белгісі. Бұл күні адамдар бір-біріне ізгі тілектерін арнап, татулық пен бірлікті дәріптейді. Қасым Қайсенов кентіндегі мерекелік шара да осы құндылықтарды кеңінен насихаттады.

Ұлан ауданының халқын мерекемен құттықтай келген «Жігіттер» тобының әншілері сахнаға шығып, өз репертуарларындағы бірнеше әнді тарту етті. Думан көрігін қыздырған жігіттердің әніне елтіген жұрт қосыла шырқап, ортаға шығып би биледі. Ақ жаулықты әжелер батасын беріп, ақжарма тілегін жеткізді. Алматыдан ат арытып жеткен өнерпаз ұлдар да Шығыс жұртына шынайы ықыласын жеткізді.

Наурыз мейрамында қалың жұртшылықпен қауышып жатқанымызға қуаныштымыз. Өзіміз де Шығыс өңіріне арнайы концертпен келген едік, Ұлан ауданының азаматтары қолқа салып, өтініш білдірген соң тойға тарту жасайық деп Қасым Қайсенов кентіне келіп қалдық. Жалпы, біздің әндерді бірге айтып, қай кезде де бізбен бірге болатын көрерменге алғысымыз шексіз. Осында да жанкүйерлеріміз көп екенін көріп, риза болдық. Мереке құтты болсын! – деді «Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдіраймов.

Арқан тарту, қой көтеру сияқты ұлттық ойындарға ер азаматтармен қатар бұрымдылар да белсенді қатысты. Қыздар арасындағы қой көтеру сайысында шопан ата түлігінің орнына 25 келілік бір қап қант қойылды. Қыздардың ең үздігі бір қап қантты 50 мәрте көтеріп, бас жүлдені жеңіп алды. Ал ұлдардың бәсекесінде сайыскерлердің алды 50 келілік қантты 49 рет көтеріп, жеңімпаз атанды.

Фото: F16.kz

Арқан тарту бәсекесінде аудандық спорт мектебінің қыздарына тең келер ешкім табылмады. Жігіттер арасында Айыртау ауылының командасы бірінші орынды иеленді.

Сөйтіп, Бозанбай ауылынан басталып бірнеше ауылдық округте жалғасып тапқан Ұлан ауданындағы Наурыз тойы Қасым Қайсенов кентінде түйінделді. Ұлыстың ұлы күні аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық рухты дәріптеген тағылымды мерекеге айналды.

Тегтер: F16дәстүрМерекеНаурыз мейрамыруханиятҰлыстың ұлы күні
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған