Өскемен-Тарғын-Самар бағытындағы жолдың 63-145 шақырымы, яғни Тарғын — Самар ауылы арасындағы жол жабылды.
«ОблШығысЖол» ЖШС ақпараты бойынша, 10 қарашадағы сағат 21.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын) облыстық маңызы бар Өскемен-Тарғын-Самар (63-145 км, Тарғын — Самар ауылы) автокөлік жолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.
Фото:
www.samara.kp.ru