admin
Жарияланды: 18:17, 08 май 2024
АЙДАРЛАР / Басты

Қай ел ардагерлеріне ақшаны ең көп береді?

Елдегі соғыс ардагерлері биыл 3833 доллар көлемінде, яғни кемінде 1 жарым млн теңге бір жолғы қаржылай көмек алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 50 мыңнан астам ардагер мен Жеңіске үлес қосқандарға 3 млрд теңге көмек қарастырылған. Қарттарды әлеуметтік қорғау шаралары орталық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жүргізілмек. Айта кету керек, қазір елімізде 148 соғыс ардагері бар. Оның 108-і майданда болған. 40 адам түрлі жарақат алған.  Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі. Графика Ардагерлер 1,5 млн теңге көмек алады Қазақстан – 3833 $ Тәжікстан – 2300 $ Өзбекстан 1570 $ Беларусь – 1227 $ Әзербайжан – 1176 $ Қырғызстан – 1130 $ Грузия – 750 $ Молдова – 565 $ Ресей  - 107 $


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)