F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Катонқарағайда халықтық спорт қайта жаңғырды

F16 F16
12.06.2025, 17:32
Катонқарағай
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Катонқарағай ауданында ХХІІІ халықтық спорт ойындары жалауын көтерді. Дүбірлі додаға Өскемен, Риддер қалалары, Самар, Үлкен Нарын, Алтай, Күршім, Зайсан, Глубокое, Тарбағатай, Шемонаиха, Ұлан және Катонқарағай аудандарының спортшылары қатысып жатыр, деп хабарлайды F16.kz.

Айта кетерлік жайт, халықтық спорт ойындары 7 жылдан кейін былтыр өңірімізге қайта оралған еді. Былтыр  спартакиада Зайсан жерінде өткізілген.

Алтайдың баурайында өтіп жатқан ауқымды спорт бәсекесінде ұлттық спорт жанашырлары мен жанкүйер қауым аударыспақ, көкпар, теңге ілу, жамбы ату, сондай-ақ құнан, топ, жорға жарыс және аламан бәйге сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша тартысты сайыстарға куә болып жатыр.

Спартакиаданың шымылдығы көкпармен түрілді. Бұнда Катонқарағай мен Алтай, Шемонаиха мен Үлкен Нарын, Самар мен Марқакөл, Ұлан мен Өскемен, Глубокое мен Тарбағатайдың тақымы тастай шабандоздары өзара үздіктерді анықтады. Катонқарағайдың көкпаршылары Алтай ауданының командасына 0-4 есебімен  есе жіберсе, Шемонаиха мен Үлкен Нарын тең ойын көрсетті. Ал Самар ауданының командасы Марқакөлдің көкпаршыларын 10-0 есебімен ойсырата жеңді. Осы күні Ұлан ауданының, Тарбағатай аудандарының да көкпаршылары үздік өнерімен көзге түсті.

Көкпаршылардың жарысы спартакиаданың екінші күні де жалғасты. Бұл күні сонымен бірге құрыш білек палуандардың ат үстіндегі жекпе-жегіне де куә болды жиылған жұрт. Аударыспақтан өткен сайыста спортшылар бірнеше салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. 57 келіде Ұлан ауданынан Елдар Ерланұлы қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Осы салмақта екінші және үшінші орынды Өскеменнен Досжан Өтеген мен Самардан Бекболат Жаңбыршин өзара бөлісті. 74 келіде зайсандық палуан Бекболат Мұхамадиев үздік атанса, екіншіні катонқарағайлық Ануар Қайырбеков, үшінші орынды өскемендік Дарын Фархатов иеленді. 80 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен 8 палуанның ішінен ұландық Бақтияр Жұмабеков бірінші, зайсандық Шалқар Қожахметов екінші орындарды еншілесе, үздік үштікті Үлкен Нарыннан Сейіл Құсайынов түйіндеді.

Осы күні теңге ілуден де спортшылар өзара кіл мықтыны анықтады. 11, 12, 13 маусым күндері дүбірлі дода аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу сайыстарына ұласты. 14 маусымда спортсүйер қауым 7,5 шақырымдық құнан  бәйге, 15 км топ бәйге, 7,5 км жорға жарыс пен бәйгенің – атасы 25 шақырымдық аламанды тамашалайды.

Серік Абай

Тегтер: Top
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

08.07.2026, 09:16
Катонқарағайда халықтық спорт ойындары басталды

Катонқарағайда халықтық спорт ойындары басталды

07.07.2026, 15:09
Шығыс Қазақстанда iCaravan платформасы ауыл туризмін дамытуға серпін беріп отыр

Шығыс Қазақстанда iCaravan платформасы ауыл туризмін дамытуға серпін беріп отыр

02.07.2026, 09:00
Катонқарағайдағы фестивальге автобус билеттерін алдын ала сатып алуға болады

Катонқарағайдағы фестивальге автобус билеттерін алдын ала сатып алуға болады

26.06.2026, 17:51

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған