F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Келер жылы Марқакөлде бірқатар ірі жоба қолға алынбақ

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
28.10.2025, 15:39
Аудан айнасы, Марқакөл, Шекаралық аудан
Келер жылы Марқакөлде бірқатар ірі жоба қолға алынады

Фото: gov.kz

Келер жылы Марқакөл ауданында жол-көлік, инженерлік және туристік инфрақұрылымды кең көлемде жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарлама жүзеге асырылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Марқакөл ауданының әкімі Рүстембек Кемешев мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі ШҚО әкімінің сайтына сілтеме жасап.

ЖОЛ САЛУҒА ҚЫТАЙЛЫҚТАР КӨМЕКТЕСЕДІ

Қазіргі уақытта шекара шебіндегі Марқакөлде аудандық маңызы бар жолдардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында екі негізгі бағыттағы жолға орташа жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Олар:

  • «Омбы-Майқапшағай-Теректі-Игілік-Шенгелді» жолының ұзындығы – 45-30 шақырым, алдын ала құны – 1 350 миллион теңге;
  • «Күршім-Қалжыр-Ақбұлақ-Қарой-Ашалы-Қайнарлы» жолының ұзындығы – 12 шақырым, құны – 1 080 миллион теңге.

Сонымен қатар, «Altai  Invest-2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қытайдың «Хэйлунцзян провинс Бада Роуд» компаниясымен Төсқайын ауылдық округіндегі жолдарды жөндеу саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.

ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ

Сондай-ақ «Altai Invest-2025» форумында Марқакөл ауданы әкімдігі мен «Aila Tau» ЖШС арасында 598 миллион теңгенің келісіміне қол қойылды. Мәселен, Шағанатты ауылында марал шаруашылығына бағытталған сауықтыру кешені салынады. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі – 2026-2031 жылдар.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде екі жоба мақұлданды:

  • «Рахат Туризм» ӘКК – жабдықтарды жаңғырта отырып, қонақүйді қайта жаңарту;
  • «Айсаб» ӘКК – Ақжайлау ауылында туристерді қабылдауға арналған 8 киіз үйден тұратын этноауыл салу.

Сонымен қатар, Ұранқай ауылында жеке «Markakol Lodge» жобасы іске асырылып, 6 глэмпинг-үй салынды. Ауыл ШҚО-дағы ең үздік рекреациялық аймақ ретінде танылып, оны дамытуға 200 миллион теңге бөлінді. Оның 100 миллион теңгесі 2026 жылы туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.

ҚАЙНАРЛЫ МЕН ТӨСҚАЙЫҢДА ЖАҢА БІЛІМ ОРДАЛАРЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Бұдан бөлек 2026 жылы Марқакөл ауылында қуаттылығы 6 Гкал болатын орталық қазандық пен ұзындығы 12 шақырым жылу желілерінің құрылысы басталады.

Ал Боран ауылында ұзындығы 1,8 шақырым болатын су құбыры желілері мен 55 құдық жөнделді. Жалпы құны 200 миллион теңге болатын жоба аясындағы жұмысты «Айкен Құрылыс» ЖШС орындады. Қазіргі уақытта ауылдағы әлеуметтік нысандар мен жеке үйлер жаңа жүйеге қосылуда.

Ауданда білім саласына да қатысты жаңалық көп. Мәселен:

  • Игілік ауылында 50 орындық мектеп құрылысы аяқталды (500 миллион теңге);
  • Қайнарлы және Төсқайың ауылдарында сәйкесінше 50 және 100 орындық мектептер бой көтеруде (650 миллион және 960 миллион теңге).

Сонымен қатар, Марқакөл ауданына еліміздің еңбек ресурсы артық өңірлерінен 8 отбасы қоныс аударды. Барлығы тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қолдауға ие болды. Балалары мектеп пен балабақшаларға қабылданды, ал интернеттің қолжетімділігі көптеген отбасына онлайн жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

Тегтер: Altai Invest-2025F16БілімБрифингжол құрылысыМарқакөл ауданыТуризм
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жас ұстаз Жалғас Болатханұлы шекара түбіндегі ауыл мектебін неге таңдады?

Жас ұстаз Жалғас Болатханұлы шекара түбіндегі ауыл мектебін неге таңдады?

27.04.2026, 18:23
Айналма жолдың ортасынан ер адамның денесі табылды – Өскемен

Айналма жолдың ортасынан ер адамның денесі табылды – Өскемен

27.04.2026, 17:38
ШҚО-да қан тапсырғандарға берілетін төлемақы мөлшері артты

ШҚО-да қан тапсырғандарға берілетін төлемақы мөлшері артты

27.04.2026, 17:00
Өзен трамвайлары жаңа маусымға дайындалып жатыр – Өскемен

Өзен трамвайларын жаңа маусымға дайындап жатыр – Өскемен

27.04.2026, 15:01

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жас ұстаз Жалғас Болатханұлы шекара түбіндегі ауыл мектебін неге таңдады?

27.04.2026, 18:23

Айналма жолдың ортасынан ер адамның денесі табылды – Өскемен

27.04.2026, 17:38

ШҚО-да қан тапсырғандарға берілетін төлемақы мөлшері артты

27.04.2026, 17:00

Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз болуға тиіс — Аида Балаева

27.04.2026, 16:23

Шымкент халқы Шығысты таңдап отыр: биыл оңтүстіктен 200 адам көшіп келуге ниетті

27.04.2026, 16:00

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026, 15:22

Өзен трамвайларын жаңа маусымға дайындап жатыр – Өскемен

27.04.2026, 15:01

Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026, 14:30

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00

Арбатта тұрғындарға тегін құқықтық және қаржылық кеңес береді

27.04.2026, 12:41

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған