F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Көшербаев қайда қарап отыр?» Күршімдіктер наразылығын әлеуметтік желіде жариялады

admin_f16 admin_f16
03.11.2024, 09:00
Күршім

Күршім ауданындағы Алғабас ауылының тұрғындары жол жөндеушілер «ақшаны жерге көміп жатыр!» деп күйінеді.

Әлеуметтік желіге тарап кеткен бейнежазбадағы адамның айтуынша, аудан орталығы мен аталған елді мекеннің арасындағы жолға асфальт төсеу жұмысы әбден суық түсіп, қарлы жаңбыр жауғанда басталған, деп хабардайды F16.kz тілшісі.

2024 жыл Шығыс Қазақстан облысында \»Жол жылы\» деп жарияланған. Соған орай облыстық және аудандық маңызы бар 600 км жол жөнделеді деп жоспарланған. Жыл соңына дейін жоспарды орындап, қаржыны игеру үшін коммуналдық қызмет өкілдері күздің қара суығына қарамай жанталасып жатыр. Оларды жұмыстың сапасы аса алаңдатпайтын секілді. Жергілікті халық соған наразы.

«Мынау — Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Алғабас ауылының жолы. Биыл бөлінген 140 млн теңгенің жұмысы міне, қазан айы болды істеп жатыр. Күнде жаңбыр, соған қарамай лужаның (шалшық су — автр) үстіне асфальтті жауып жатыр. Неше күн ескерттік. Қайта-қайта ескертеміз Алғабас ауылының тұрғындары. Міне қараңыздар, мынандай судың үстіне әкеліп асфальт төсеп жатыр, қаншама ақшаны құртып. Халық айта-айта шаршадық. Не әкімдіктен ешкім келіп бақыламайды. Ақшаны жерге көмген деген осы емес пе! Бұл халықтың ақшасы!» — деп шырылдайды алғабастық тұрғын бейнежазбада.

Жаз бойы тым-тырыс жатып, қара күзде қауырт жұмысқа кіріскен жол жөндеушілер Катонқарғай ауданынан да табылды. Желі қолданушы Тілеубек Шаяхмет Фейсбуктегі парақшасында: «Бұл бейнені 2024 жылдың 18 қазан күні ауылға барған кезде арнайы осы жолмен жүріп түсірген едім. 6-7 шақырымдай қалған жолға асфальті төселіп болды ма екен? Аққайнардан ары қарай жол не болады? Берелге дейін асфальт төселе ме? Жоспарланды ма? Сұрақтар көп» деп жазды. Бейнежазбада Катонқарағай ауданындағы Аққайнар мен Жаңаүлгі ауылдарының арасындағы жолға асфальт төселіп жатқанын көрінеді.

Шығыстағы жол жөндеу жұмысының сапасына қатысты тұрғындар тарапынан айтылар сын көп. Атқарылған жұмысты күнде көзімен көріп жүрген қарапайым халық бюджеттің ақшасы босқа кетіп жатқанына қапалы.

  — Ақжар мен Құйған ауылдарының арасындағы мына жолды былтыр ғана жөндеді деп қалай айтасың? Биыл тозып тұр. Жүргенде көлігің секіріп отырады, волна. Асфальті аршылып жатыр.  Аршылмаған қайтеді, бұрынғы ескі асфальттің үстіне жаңасын жая салса. Содан кейін осылай болады. Халықтың ақшасын желге ұшыру ғой бұл, — дейді Тарбағатай ауданының тұрғыны, қоғам белсендісі Жарас Тұрысбеков. 

Жол құрылысы мамандарының айтынша, асфальттің қас жауы — су, ылғал.

Жаңбырда, сусоқта асфальт төсемеген дұрыс. Су, ылғал асфальт пен жолдың арасындағы адгезияны (жымдасу, жабысу) төмендетуі мүмкін. Бұл жабын сапасына кері әсер етеді және оның беріктігін жояды. Сонымен қатар су жабынды мүжіп, соның салдарынан жарықтар туындайды. Жол сапалы болып, оның максималды беріктігін қамтамасыз ету үшін асфальт құрғақ жерге төселуі керек, — деп түсіндірді аты-жөнін атамауды өтінген жол құрылысы саласының маманы.

 

Фото: видеодан скрин

 

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Күршім ауданында тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылым қарқынды дамуда

Күршім ауданында тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылым қарқынды дамуда

15.06.2026, 15:48
️Күршім ауданындағы қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға сауықтыру және демалыс ұйымдастырылады

️Күршім ауданындағы қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға сауықтыру және демалыс ұйымдастырылады

15.06.2026, 14:21
Күршім ауданында жер қайтару жоспары мерзімінен бұрын орындалды

Күршім ауданында жер қайтару жоспары мерзімінен бұрын орындалды

15.06.2026, 10:37
Балаларға арналған тарту: Күршімде жаңа балабақша ашылды

Балаларға арналған тарту: Күршімде жаңа балабақша ашылды

01.06.2026, 16:18

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған