26 қыркүйек күні, яғни ертең Өскеменде «Altay invest-2025» халықаралық инвестициялық форумы өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Форумға 5 елден 106 қатысушы қатысады деп жоспарланған.
Ауқымды шара аясында ірі келісімдер мен меморандумдарға қол қойылмақ. Бұл қадам халықаралық әріптестікті нығайтып, облыстың инвестициялық әлеуетін жаңа деңгейге шығарады.
Форум Сәтбаев даңғылы, 82/8 мекенжайындағы «Теннис орталығында» өтеді.




