Бүгін бірқатар аудандарда ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды F16.kz.
Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде үсік жүреді.
16 қыркүйек күні түнде және таңертең тұман түседі, — делінген хабарламада.
ШҚО ТЖД мамандары көлік жүргізушілеріне қауіпсіздік шараларын, жылдамдық режимін қатаң сақтау керектігін ескертеді.




