Ертең Назарбаев даңғылынан Шәкәрім даңғылына дейін аралықта көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды F16.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 28 тамыз күні облыс орталығында Конституция күні мен Қала күніне орай ретро-кеш ұйымдастырылады. Мерекелік шара Достық үйінің алдындағы алаңда өтеді.
Сағат 14:00-ден 22:00-ге дейін Достық үйінің жанындағы (Мәдениет сарайы ауданы) «Элегант» дүкенінің қасынан (Назарбаев даңғылынан) Шәкәрім даңғылына дейін көлік қозғалысы тоқтатылады, — делінген қала әкімдігінің хабарламасында.




