26-27 қыркүйек күндері Шығыстың бас шаһарында Глубокое ауданының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
26 қыркүйек күні Глубокое ауданының өнерпаздары Өскемен төрін ән мен күйге бөлейді. Сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Туған жер – алтын бесігім» атты гала-концерті өтеді.
Сахнада үздік әншілер, би және вокалдық ұжымдар өнер көрсетіп, сіздерге ұмытылмас эмоциялар мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды, – делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.
Ал 27 қыркүйек күні әдеттегідей сенбілік жәрмеңке ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары сағат 8:00-де «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін арзан бағада ала алады.
Сол күні 10:00-де Стахановская көшесі, 3 а мекенжайында орналасқан бұқаралық спортты дамыту орталығында баскетболдан жарыс өтеді.




