F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Көлігі көп Өскеменде кептеліс азая ма: жаңа жобалар қолға алынды

admin_f16 admin_f16
04.04.2025, 11:27
Өскемен

Өскеменде көліктер саны жылдан-жылға өсіп жатыр. Осыдан екі жыл бұрын облыс орталығында 226 мыңнан астам темір тұлпар тіркелген, ал қалада тұратын отбасылар 124 мыңның үстінде. Демек әр үйге екі мәшіннен келеді. Уақыт өткен сайын көшелерде көлік қозғалысы қиындап, кептеліс болуы сондықтан. Қала билігі бұл проблеманы шешу үшін жол айырықтарын салып, көлік инфрақұрылымын дамытуға кірісті, деп хабарлайды F16.kz.

КӨПДЕҢГЕЙЛІ ЖОЛ АЙЫРЫҒЫ САЛЫНАДЫ

Көшедегі көлік жүктемесін азайтып, кептелісті сейілту, сондай-ақ тұрғындардың жүріп—тұруына жайлы жағдай жасау үшін бірқатар жоба қолға алынған. Солардың бірі –Сәтпаев пен Есенберлин даңғылдарының, Жібек жолы мен Базовая көшелерінің түйіскен тұсындағы көпдеңгейлі жол айырығы. Бұл жол айырығы іске қосылғанда Ертістің сол жағалауынан оң жағалауына қарай және кері бағытта ағылатын мәшіндердің еш кедергісіз, бағдаршамсыз жүруіне мүмкіндік туады. Яғни, Сәтпаевтың бойында иін тіресіп тұратын ұзын—сонар кептеліс болмайды. Бірақ даңғылмен ағылған көліктердің нөпірі Ертіс көпірінің алқымындағы айналма жолға келіп тағы кептеледі. Өскемен әкімдігі бұл мәселені шешу үшін Ертіс көпірінің астымен өтетін жолды былтыр салып бастаған, кейін белгісіз себептермен құрылыс тоқтап қалды. Жоба биыл қайта жанданбақ.

Айналма жолдағы көлік жүктемесін азайту мақсатында салынып бастаған көпір асты жолының құрылысы жалғасады. Онда біраз жұмыс атқарылған, жобаны аяқтаймыз. Жыл соңында көпір асты жолымен жүресіздер, – деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.  

КӨПІРДІҢ ҮСТІ — “КӨРТЫШҚАННЫҢ ІНІ” 

Көктем шықса еріген қармен бірге асфальті “ағып кететін” Ертіс көпірінің үстіндегі жабынды жаңарту, қайтадан сапалы төсеу мәселесі де күн тәртінбе тұр. Өйткені дәл осы көпірдің үстіндегі көртышқанның ініндей шұрық тесік жолға көлік жүргізушілерінің айтар шағымы көп. Әлеуметтік желілерде күрделі жөндеуден өткеніне көп болмаған көпірдің аянышты жағдайынан хабар беретін фотосуреттер мен бейнежазбалар қаптап жүр. Жұртты мазалаған проблеманы қала әкімдігі біледі және оны түбегейлі шешудің мүмкіндігін қарастырып жатыр.

\"\" 

Ертіс көпірінің жағдайын жақсы білеміз. Иә, мәселе бар. Шұңқырларды жылда бітейміз, келесі көктемде қайта ойылып жатады. Енді көпір бетіндегі жабынның бетонға дейінгі барлық қабатын мұқият тексереміз. Нені жаңарту қажеттігін анықтаймыз. Содан кейін жөндеуге кірісеміз және 10 жылға дейін шұңқыр жамауды ұмытатындай етіп сапалы жүргізу керек, – деді Ақышов.

Оның айтуынша, әзірге көпірдің жабынына орташа жөндеу жүргізілмейді, бірақ көп ұзамай шұңқырлар бітеледі.

Фото: F16.kz

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10
«Жүк көліктері жолды бүлдірді»: Ново-явленка тұрғандары әкімге шағымданды

«Жүк көліктері жолды бүлдірді»: Ново-явленка тұрғандары әкімге шағымданды

15.10.2026, 16:00
«Таза Өскеменнің» экс-басшысы 7 жылға сотталды

«Таза Өскеменнің» экс-басшысы 7 жылға сотталды

15.10.2026, 10:47
Өскемендегі конденсатор зауытының қоймасы өртенді

Өскемендегі конденсатор зауытының қоймасы өртенді

15.10.2026, 09:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған