Өскеменнің іргесіндені Новоявленка ауылында асфальт-бетон зауыты тиісті экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеп келген, деп хабарлайды F16.kz.
Новоявленка ауылының тұрғындары үйлердің маңында орналасқан асфальт-бетон зауытының қызметіне қатысты шағым айтқан. 6 қараша күні облыстық экология департаментінің өкілдері «AST-Qurylys 22» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізд.
Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал іс материалдары қызметті уақытша тоқтату туралы шешім қабылдау үшін Өскемен қаласының әкімшілік сотынажолданды, — дейді экология департаментінің баспасөз қызметі.
Жауапты мекемее қоршаған ортаға зиянын тигізетін объектілердің қызметін анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.




