Республикалық маңызы бар Өскемен-Семей тас жолында қайғылы жағдаймен аяқталған жол апаты болды, деп хабарлайды F16.kz.
Daewoo Nexia және Audi 80 көліктері соқтығысып, бір адам көз жұмды.
Audi 80 жүргізушісі алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал жолаушы мен Daewoo Nexia жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция департаменті жүргізушілерге жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеріп, жол ережесін қатаң сақтау керектігін ескертеді.




