Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz.
8 қыркүйек күні Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




