Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай және Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 15 жылдық мерейтойы аясында Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының ұстаздары арасында волейболдан облыстық турнир ұйымдастырылды.
Дәстүрлі спорттық додаға өңірдің қала және аудан мектептері мен колледждерінен келген командалар қатысып, жарыс алаңында кәсіби шеберлік, командалық бірлік пен спорттық рухтың жарқын үлгісін көрсетті. Атап айтқанда, турнирге Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі, №26, №40, №42, №46, №48 орта мектептері, №49 жалпы білім беретін мектебі, Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі, Ахмер және Азовое орта мектептері, Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі, Тарбағатай ауданы Абай атындағы орта мектебі, Жамбыл гимназия-интернаты, Политех колледжі және Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздар құрамасы қатысты.
Тартысқа толы ойындар нәтижесінде командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:
IV орын – Тарбағатай ауданы Абай атындағы орта мектебі;
III орын – №26 орта мектебі;
II орын – Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі;
I орын – №46 орта мектебі, турнирдің жеңімпазы атанды.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды.




