Өскемендегі кей мектептерде сабақ ерте басталып, үзілік уақыты қысқаратын болды. Қазір сабақ кестесіне өзгеріс енгізіліп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Қазір барлық білім ордаларында сабақ сағат 8:00-де басталады. Ал екінші ауысымдағы оқушылар мектептен қас қарайғанда, яғни 18.00-де шығады.
Сондықтан кейбір мектептерде бірінші ауысым әдеттегіден ерте басталмақ. Ал екінші ауысымда үзіліс уақыты қысқарады. Осылайша, шамамен бір жарым сағат үнемделіп, оқушылар сағат 17:00-ге дейін үйге қайтып үлгереді.




