F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскемендік кәсіпкерлер бір алаңда бас қосты

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
27.08.2025, 14:00
Өскемен
Өскемендік кәсіпкерлер бір алаңда бас қосты

Фото: F16.kz

 

1 - 6
- +

Шығыстың бас шаһарында «Өскемен өнімі» жергілікті тауар өндірушілерінің көрмесі өтіп жатыр. «Гостиный двор» сауда кешенінің іші-сыртына толық жайғасқан кәсіпкерлер халыққа өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды F16.kz.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараға тұтынушылар да көп келген. Себебі көрмеден іздегеніңіздің бәрін табуға болады. Жартылай дайын тағамдар, тәттілер мен ет, сүт өнімдері, қолөнер, әшекей бұйымдар, түрлі киім үлгілері, медициналық материалдар мен құрылыс материалдары да бар. Бас шаhардың экономикасына елеулі үлесін қосып отырған шағын, орта және ірі кәсіпкерлер өз өнімдерін көрмеге қойыпты. Арасында жас кәсіпкерлер де бар. Солардың бірі — Әйгерім Қалибекова. Ол қазір ұлттық нақыштағы киімдер тігумен айналысады.

Өз брендімді қалыптастырып келе жатқаныма 1,5 жылдай ғана уақыт болды. Қазіргі таңда тігін цехын ашып, екі адамды жұмыспен қамтып отырмын. Біз түрлі стильдегі киім тігумен айналысамыз. Бірақ кәсіп бастаудағы негізгі мақсатым — ұлттық нақыштағы киімдерді заманауи үлгіге сай тігу және халыққа ұсыну. Ашылғанымызға көп уақыт болмаса да, сұраныс жоғары. Тек Өскеменнен емес, еліміздің басқа өңірлерінен де, шетелде жүрген қазақстандық бауырларымыз да тапырыс беріп жатыр, — деді Girl match брендінің негізін қалаушы Әйгерім Қалибекова.

Мұндай көрмелерді өткізу қай тарапқа болмасын тиімді екені анық. Тұтынушылар жергілікті, сапалы және таза өнімдермен жақынырақ танысып, сатып ала алады. Кәсіпкер де өз кезегінде өнімін жарнамалап, өзге де өнім өндірушілермен тәжірибе алмасады.

Біз әлеуметтік желі қолданбаймыз, сондықтан да болар қаламызда осындай түрлі бұйым жасайтын осындай шеберлер барын білмеппін. Мұндай жәрмеңкелер жиі өткізілсе, біз де қаламыздан шыққан өнімдерді қуана-қуана сатып алуға дайынбыз, — деді қала тұрғыны Нәзигүл Сахитова.

Атап өткеніміздей, Өскеменде медициналық және ортопедиялық жабдықтар шығаратын орталықтар барын бірі білсе, бірі білмейді. Мәселен,  ORTHO CLINIC ортопедиялық орталығында арнайы ортопедиялық ұлтарақтар мен аяқ киімдер жасайды. Орталықта білікті орпопед мамандарға қаралуға болады.

Біз 2019 жылдан бастап жұмыс істейміз. Тапсырыс қабылдамас бұрын, ортопед мамандар тексеріп, кеңес береді. Одан кейін арнайы құрылғымен жалпақтатан дәрежесі анықталады. Дәрігердің қортындысына сүйене отырып, I-III дәрежедегі жалпақтатанды емдейтін ұлтарақ жасалады. Сондай-ақ орпопедиялық жастықтар, арқа түзегіш пен балалар аяқ киімін арнайы Ресейде тіктіреміз, — деді ORTHO CLINIC ортопедиялық орталығының негізін қалаушы Әйгерім Қалымбекова.

Орталық қайырымдылық шараларынан да қалыс қалмайтын көрінеді. Мәселен, қала әкімдігінің бастамасымен жасалған «Шаңырақ» әлеуметтік картасы арқылы көпбалалы аналарға 30 пайыз жеңілдік беріледі.

Биыл «Мектепке жол» акциясы аясында 800 мың теңгенің ортопедиялық аяқ киімдерін көпбалалы және мүгедектігі бар балаларға тегін таратып жатырмыз. Әлі де бар, орталыққа келген көпбалалы аналар болса үлестіріп беруге дайынбыз, — деді орталықтың негізін қалаушы.

Биыл көрмеге 100-ден астам кәсіпкер қатысып жатыр. Олардың арасында қолөнер шеберлеріне баса назар аударылған көрінеді.

 «Өскемен өнімі» көрмесі бізде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Биыл біз қолөнер шеберлеріне, домбыра, әшекей бұйымдар жасайтын, сурет салып, тоқма тоқитын кәсіпкерлерге баса назар аудардық. Қазір көрмеге 100-ден астам жергілікті өнім өндіруші жиналса, оның ішінде түрлі салада жүрген 25 қолөнерші келді, — деп атап өтті Өскемен креативті индустрияны дамыту орталығы директорының міндетін атқарушы. Назым Шайзанова.

Көрме бүгін кешкі сағат 17.00-ге дейін ашық болады. Тұрғындар кез келген азық-түлік өнімінен дәм татып, ұнағандарын сатып ала алады.

Тегтер: Алмат АқышовкөрмеӨскемен
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

31.08.2026, 12:11
Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

31.08.2026, 11:06
Өскемендегі Согра ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы 81,3 пайызға жетті

Өскемендегі Согра ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы 81,3 пайызға жетті

31.08.2026, 10:22
«Самал» саябағында заманауи құтқару станциясы ашылды

«Самал» саябағында заманауи құтқару станциясы ашылды

27.08.2026, 10:17

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

31.08.2026, 15:05

Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

31.08.2026, 12:11

Құрылтай Вице-президент лауазымына Қариннің кандидатурасын қолдады

31.08.2026, 12:05

Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

31.08.2026, 11:06

Өскемендегі Согра ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы 81,3 пайызға жетті

31.08.2026, 10:22

Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды

28.08.2026, 16:00

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болды

28.08.2026, 15:33

ШҚО-да жоғары оқу орындарына түскен түлектер саны артты

28.08.2026, 14:28

Президент жаңа Құрылтай төрағасын ұсынды

28.08.2026, 12:20

Ербол Нұрғалиев ШҚО әкімінің орынбасары қызметінен кетті

28.08.2026, 11:00

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған