F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да қарияларды спорттық орталықтан қуып шыққан ба?

admin_f16 admin_f16
28.08.2024, 15:00
Өскемен

Өскемен қаласында қарияларды бос уақыттарын тиімді өткізіп жүрген спорттық орталықтан Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы шығарып тастаған, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Ақсақалдарға Орталық бассейн ішіндегі бос тұрған бөлмелердің бірі облыстың бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтің тұсында берілген екен. Онда қариялар стол теннисімен, жүзумен, тренажерлық жаттығулармен, бильярд, шахмат, дойбы ойнаумен айналысқан. Бөлмеге ішкі жөндеу жұмыстарын өздері жүргізіп, қажетті спорттық құрал-жабдықтарын да әкеліп алған. Енді қайда барарларын білмей жүрген көрінеді. 

Айта кетсек, осы жылдың басынан бастап облыс әкімі Ермек Көшербаев қарияларды секциялар және үйірмелермен қамту қажеттігін алға тартып, қалалар мен аудандарда белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын құру туралы тапсырма берген болатын. Ал сонда спорт басқармасының бұл шешімі әкімнің тапсырмасына мүлде қайшы әрекет емес пе? 

Айтпақшы, қарияларды бұған дейін 2019 жылы Стаханов көшесіндегі ФОК ғимаратынан, «бұл бөлме өзімізге керек деп», ондағы басшылық тағы қуып шығыпты. Спорттық керек-жарақтарын рұқсатсыз дәлізге шығарып тастаған бассейн басшылығына да өкпелі. Өздерінің бос уақыттарын тиімді өткізіп жүрген орында қалдыруларын сұрап ШҚО әкімі Ермек Көшербаевқа хат жазыпты. Сондай-ақ бассейн басшылығын сотқа беруге ниетті екендерін жеткізді.

– Спорт ардагерлерінің, жалпы еңбек ардагерлерінің бос уақыттарын мәнді өткізулеріне біршама жақсы жағдайлар жасалған. Бәрін жоққа шығармаймыз. «ШҚО спорт ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің жасаған кестесі бойынша  Жібек маталар аумағындағы «Спорттық кешен» ғимараттарында стол теннисімен, жүзумен, тренажерлық залда жаттығулармен, бильярд пен шахмат, дойбы ойнаумен айналысып келді. Бірақ биыл Отан қорғаушылар мерекесі мен Жеңіс мерекесі қарсаңында бассейн басшылығы ардагер бильярдшылардан төрт жылдан бері пайдаланып келе жатқан бөлмелерін босатуды талап етті. Себеп: «Біз бассейн әкімшілігімен бөлмені жалға алу бойынша келісім-шартқа отырмаппыз». Мұндай «заңсыздықты» тексеру жүргізген облыстық қаржы басқармасының аудиторлары анықтап, осыдан біраз уақыт бұрын бассейн башылығына жазбаша өкім қалдырып кетіпті. Енді бізден сұрамастан ішіндегі өзіміз сатып алған заттарымызды, спорттық құралдарымызды, бильярдты шығарып тастапты. ШҚО әкіміне ардагерлер кеңесінің  төрағасы арқылы мәселені жеткізгенбіз. Енді қайта хат жазып отырмыз, үш айдан бері ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы маза бермеді. Тіпті, қоқан-лоқы көрсетуде, ондай адамның қалай білдей бір басқарманы басқарып отырғанына таңым бар, – дейді еңбек ардагері Серік Түгелбаев.

Қариялардың мәселесімен танысуға келген ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы  басшысының орынбасары қазақша пікір білдіре алмаймын деп, мекеме басшысына сілтеді. 

– Бұл ғимарат ішіндегі бөлме кезінде облыстық әкімдіктің тапсырмасымен қарияларға беріліпті. Алайда ол кісілер мекемемен ешқандай шарт жасаспаған. Бұған дейін біз ұсынған шартпен өздері келіспеді. Енді өзіміздің спорт мектебінің балалары сыймай жатқандықтан бөлмені босатуды сұрадық, – дейді «ШҚО су спорты түрлері бойынша БЖСММ» КММ директоры Олжас Ғазизұлы.

Қариялар тағы бір мәрте облыс әкіміне кіріп, көмек сұрап көретіндерін айтады.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10
«Жүк көліктері жолды бүлдірді»: Ново-явленка тұрғандары әкімге шағымданды

«Жүк көліктері жолды бүлдірді»: Ново-явленка тұрғандары әкімге шағымданды

15.10.2026, 16:00
«Таза Өскеменнің» экс-басшысы 7 жылға сотталды

«Таза Өскеменнің» экс-басшысы 7 жылға сотталды

15.10.2026, 10:47
Өскемендегі конденсатор зауытының қоймасы өртенді

Өскемендегі конденсатор зауытының қоймасы өртенді

15.10.2026, 09:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған