F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Таза Қазақстан»: Өскемендегі Амфитеатр аумағына 100-ден астам түп көшет егілді

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
11.10.2025, 12:29
Басты, Қоғам, Өскемен, Экология
«Таза Қазақстан»: Өскемендегі Амфитеатр аумағына 100-ден астам көшет отырғызылды

Фото: Жангелді Сайндолдаұлы

Өскеменде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ерекше іс-шара өтті. Бұл күні Ертіс көпірінің маңындағы Амфитеатр аумағы абаттандырылып, 100-ден астам көшет отырғызылды, деп хабарлайды F16.kz.

Бір уақытта еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан экологиялық акцияның Өскемендегісіне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов арнайы келіп қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «адал адам – адал еңбек – адал табыс» патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.

Бүгін қаламыздың белсенді жастарымен шырша, қайың сияқты ағаштар егуге жиналдық. Негізі, ағаш отырғызу акциялары көктем уақытында өтетінін білесіздер. Алайда, білетіндер күз кезінде егілген ағаштың өнімділігі, өміршеңдігі жоғары болады деп айтады. Сол себепті, бүгін Амфитеатр маңына жастарды жинап отырмыз. Мақсатымыз – ағаш егумен ғана шектелмей, жастардың бойына, санасына экологиялық мәдениет құндылықтарын сіңіру, үлкен мен кішіні тазалыққа баулу. Мұндай іс-шаралар қаламыз бен облысымыздағы, тұтастай республикамыздағы экологиялық ахуалдың оңалуына зор септігін тигізеді деп сенеміз, – дейді Өскемен қаласы Жастар ресурстық орталығының директоры Бақытжан Ербол.

Ел мен жер болашағы үшін маңызды акциядан облыс басшылығы да шет қалмағанын жоғарыда жазғанбыз. Бұл күні іс-шараға жастармен қатар күрек ұстап, көшет отырғызған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов бұл акцияның мәні қоршаған ортаның ғана емес, сондай-ақ адамның ішкі жан дүниесінің тазалығымен тығыз байланысты екенін айтты.

Бүгін өңіріміздің барлық ауданында осындай игі бастамалар жүзеге асырылуда. Жалпы алғанда, «Таза Қазақстан» акциясы тек қана ағаш отырғызу не қоқыс жинаумен шектелмейді. Бұл іс-шара – адамның рухани дүниесін тазартуға, ізгілікке ұмтылуға және еңбектің қадірін түсінуге шақыратын мағыналы қадам. Еңбектің абыройын арттырып, тазалықтың маңызын өсіп келе жатқан жас буынға бірге насихаттайық, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Айта кетер жайт, бұл жолғы игі шараға қала тұрғындары және еріктілермен қатар, танымал эстрада әншілері де қатысты. Арасында әнші Досымжан Таңатаров пен «МузАРТ» тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов те болды.

Ел игілігі үшін қолға алынған кез келген істі өзіміздің ортақ міндетіміз деп санаймыз. Арнайы келіп, шырша егіп, Шығыс өңірінде де өз ізімізді қалдырғанымызға шын жүректен қуаныштымыз. Бұл ағаш – туған жерге деген махаббатымыздың символы. «Таза Қазақстан» – жай ғана экологиялық бастама емес, бұл – мәдениеттіліктің көрінісі. Осындай игі істер үзілмей, жалғасын таба берсін, – деді әнші Кенжебек Жанәбілов.

 

1 - 7
- +
Тегтер: F16ӨскеменТаза ҚазақстанШҚО әкіміэкоакцияЭкология
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31
Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14
Өскеменде ұстаздардың қаржылық иммунитетін көтерді

Өскеменде ұстаздардың қаржылық иммунитетін көтерді

17.04.2026, 11:00

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған