Qazaq Air әуе компаниясының пилоттары компания басшылығына үндеу жасады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Мәлімдемеде қойылған негізгі талаптар: түнгі рейстер үшін төлем жүйесін қайта қарау, командирлер мен екінші пилоттардың жалақысын көтеру және барлық пилот үшін төлемді арттыру.
– Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі әуе компаниясынан бұл мәлімдемені елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарауды талап етеді, – деп жазады бұл жөнінде министрліктің ресми сайты.
Естеріңізге сала кетейік, Qazaq Air – бірлескен кәсіпорын. Әуе компаниясының 49%-ы вьетнамдық Sovico тобына, тағы 49%-ы «Самұрық Қазына» қорына, ал 2%-ы Kazasia Holding Limited компаниясына тиесілі.




