Ағымдағы жылдың 3-5 желтоқсан күндері аралығында Өскемен қаласында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі жергілікті Полиция басқармасына сілтеме жасап.
Іс-шараның мақсаты «нөлдік төзімділік» қағидатын, жасалған құқықбұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру болып табылады.
– «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында атқарушылық өндіріс органдарымен бірлесіп, жолдарда борышкерлерді анықтау және олар бойынша айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру шараларын қолдану бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілетін болады, – делінген хабарламада.




