F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шығыстың туристік мүмкіндігі таныстырылды

Madina Kainarova Madina Kainarova
27.09.2026, 09:10
Жаңалықтар, Киелі Алтай, Туризм, Фоторепортаж
Фото: F16/Аяужан Утеулинова

Фото: F16/Аяужан Утеулинова

Өскеменде Дүниежүзілік туризм күніне орай «TourEast ALTAI KZ» фестивалі ұйымдастырылды. Сол жағалау кешеніндегі Этносаябақта өткен ауқымды шара туризм индустриясының өкілдерін, кәсіпкерлерді, қолөнер шеберлерін, ғалымдар мен саяхатшыларды бір ортаға жинады. Фестивальге «Біздің ортақ үйіміз – Алтай» үйлестіру кеңесі мен Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өткен халықаралық алаңға қатысқан 16 елдің өкілдері де келді. Сонымен қатар Ресей, Қытай және Моңғолиядан арнайы делегациялар қатысты, деп хабарлайды F16.kz cайты. 

Туризмді дамыту дегеніміз тек жаңа бағыттар ашып, туристік нысандар санын арттырумен шектелмейді. Бұл – белгілі бір өңірдің табиғатын, тарихын, мәдениетін, ұлттық тағамын, тұрмысын және адамдарының еңбегін біртұтас туристік өнімге айналдыруды талап ететін сала. Шығыс Қазақстан үшін бұл мүмкіндіктердің ауқымы кең.

Алтай таулары, ерекше табиғи аумақтар, тарихи орындар, ұлттық мәдениет, ауылдық жерлердегі дәстүрлі кәсіптер – мұның бәрі өңірдің туристік келбетін қалыптастыратын бағыттардың қатарында. «TourEast ALTAI KZ» фестивалі осы мүмкіндіктерді бір алаңда көрсетуге арналды.

Дүниежүзілік туризм күніне арналған шараның негізгі алаңы ретінде Өскемендегі Сол жағалау кешеніндегі Этносаябақтың таңдалуы да бекер емес. Мұнда бір күн ішінде туризм саласының бірнеше бағытын қатар көрсетуге мүмкіндік жасалды. Фестиваль бағдарламасына конференция, туристік көрме, қолөнершілер жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, гастрономиялық алаң, белсенді демалыс бағдарламасы, балаларға арналған туристік бағыттар және концерттік қойылымдар енгізілді.

Фестивальдің алғашқы бөлігінде мамандар мен сарапшылар бас қосқан «Туризмді дамытудың заманауи тәсілдері» тақырыбындағы конференциямен басталды. Бұл алаңға әртүрлі елдерден келген қонақтар мен сала мамандары қатысып, туристік бизнестің даму перспективалары, жаңа тәсілдер және өңірлер арасындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.

Фестивальге келген шетелдік делегациялар үшін Шығыс Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін таныстыруға бағытталған арнайы бағдарлама да әзірленді.

Қонақтардың алғашқы аялдамаларының бірі Туристік ақпарат орталығы болды. Мұнда шетелдік меймандарға облыстың туристік бағыттары, табиғи ерекшеліктері мен жануарлар дүниесі туралы мәліметтер ұсынылды. Өңір аумағында мекендейтін сирек кездесетін және Қызыл кітапқа енгізілген жануарларға да ерекше назар аударылды.

Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін таныстыру тек табиғат көріністерімен шектелген жоқ. Қонақтарға жергілікті ұлттық тағамдар ұсынылып, өңірдің гастрономиялық ерекшеліктері де таныстырылды.

Одан кейін Сол жағалау саябағында ағаш отырғызу рәсімі өтті. Бұл шара фестивальдің экологиялық мазмұнын толықтырды.

Шетелдік делегациялар бұдан әрі этноауылға барып, қазақ халқының дәстүрлі баспаналарының ерекшеліктерімен танысты. Этноауылдағы экспозициялар арқылы қонақтарға ұлттық тұрмыс, қолөнер және әртүрлі этностардың мәдени дәстүрлері көрсетілді.

Фестивальдің ең ауқымды бөліктерінің бірі туристік көрме болды. Бұл алаңда туроператорлар, демалыс базаларының, қонақүйлердің және пантоемдеу орындарының өкілдері өз ұсыныстарын таныстырды.

Көрме арқылы Шығыс Қазақстанда саяхаттауға болатын бағыттар мен демалыс орындарының сан алуандығын көруге мүмкіндік туды. Табиғат аясындағы демалыстан бастап сауықтыру қызметтеріне дейінгі түрлі ұсыныстар бір кеңістікте ұсынылды.

Бұл ретте өңірдегі ауыл туризміне де айрықша мән берілді. Себебі ауылдық аумақтар үшін туризм қосымша табыс көзі ғана емес, жергілікті өндіріс пен кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік беретін бағыттардың бірі саналады.

Этносаябақтағы келесі алаңдардың бірі қолөнершілерге арналды.  «Шеберлер қаласында» жергілікті шеберлердің бұйымдары қойылып, келушілерге дәстүрлі қолөнер түрлері көрсетілді.

Мұнда қазақ және орыс дәстүрлі тоқыма өнері, ши тоқу, «біз кесте» тігу, ағаштан музыкалық аспаптар жасау, былғарыдан түрлі бұйымдар әзірлеу бойынша практикалық сабақтар ұйымдастырылды.

Осылайша, қолөнер фестивальдің көрме бөлігі ғана емес, келушілердің өздері қатыса алатын интерактивті алаңға айналды.

 Туризмнің тағы бір қыры белсенді демалыс бағдарламасы арқылы көрсетілді. Туризм саласының кәсіби мамандары шеберлік сабақтарын өткізіп, туристік жабдықтар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Кемпинг-лагерь құру, жергілікті жерде бағдарлау және жорыққа дайындалу бойынша кеңестер берілді.

Бұл бағыт қазіргі таңда табиғат аясындағы саяхатқа қызығушылық танытатын туристер үшін маңызды. Әсіресе таулы және табиғи аумақтары мол Шығыс Қазақстан үшін жаяу туризм, кемпинг, тау бағыттары мен белсенді демалыстың мүмкіндігі жоғары.

Фестиваль бағдарламасында жас туристер де назардан тыс қалған жоқ. Мүнда балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы бағдарлама ұйымдастырылды. Оның ішінде отбасылық квест, «Антарес» клубының туристік кедергілер жолағы және «Өскемен нордик» клубының скандинавиялық жүріс бойынша шеберлік сабағы болды.

Мұндай шаралар балаларды туризмге ерте жастан қызықтырып, табиғатта қауіпсіз жүру, бағдарлау, физикалық белсенділік және командалық әрекет дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Фестивальдің тағы бір алаңы Йога сабағы, этно-музыка және Алтайдың табиғи өнімдерін таныстыруды біріктірді. Бұл кеңістікте Катонқарағайдың бал өнімдері мен шөп шайларының дегустациясы өткізілді. Шай мен бал рәсімі де ұйымдастырылды.   Ал гастрономиялық бағыт жеке алаң ретінде ұсынылды. Мұнда жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтіп, түрлі тағамдар мен сусындар көпшілік назарына ұсынылды.

Фестиваль аясында туризм саласының жетістіктері де атап өтілді. Саланың дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлер мен мамандарды, сондай-ақ үздік туристік ауылдарды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Айта кетсек, Берел және Коробиха ауылдары республикалық «Үздік туристік ауыл» байқауының қорытындысы бойынша Қазақстанның 2026 жылғы үздік бес туристік ауылының қатарына енген болатын.

Биылғы марапаттардың ерекшелігі – жеңімпаздарға тек диплом мен алғыс хат емес, туристерге қызмет көрсету кезінде пайдалануға болатын қажетті құралдардың берілуі болды.

Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Ирина Смиттің айтуынша, байқау жеңімпаздарына Starlink жүйесінің стационарлық және мобильді нұсқалары ұсынылды.

– Биыл байқау жеңімпаздарына жай ғана грамота табысталып қойған жоқ, оларға күнделікті жұмысына қажетті дүниелер берілді. Атап айтқанда, Starlink-тің стационарлық және мобильді нұсқалары ұсынылды. Енді олар туристерді сапалы интернетпен қамтамасыз ете алады, – деді Ирина Смит.

«TourEast ALTAI KZ» фестивалінің ерекшелігі – туризмнің бір ғана бағытын алға шығармай, саланың әртүрлі қырын қатар көрсетуінде болды.

Бір алаңда халықаралық сарапшылар туризмнің даму мәселелерін талқыласа, екінші жерде кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстырды. Қолөнершілер дәстүрлі өнердің үлгілерін көрсетіп, туризм мамандары жорыққа дайындық пен қауіпсіз демалыс бойынша кеңес берді. Балалар туристік кедергілер жолағынан өтіп, ересектер жергілікті өнімдер мен қолөнер бұйымдарын тамашалады.

Шетелдік қонақтар үшін ұйымдастырылған бағдарлама арқылы Шығыс Қазақстанның табиғи байлығы мен мәдени мұрасы көрсетілсе, фестивальдің ашық алаңдарында өңірдің қазіргі туристік бизнесі таныстырылды.

Бұл ретте халықаралық қатысушылардың болуы шараның географиясын кеңейте түсті. «Біздің ортақ үйіміз – Алтай» үйлестіру кеңесі мен халықаралық кездесулерге қатысқан 16 елдің өкілдері Шығыс Қазақстандағы туристік мүмкіндіктермен танысып, жергілікті кәсіпкерлермен және сала мамандарымен байланыс орнатуға мүмкіндік алды.

Күн соңына қарай Этносаябақтағы әртүрлі алаңдардағы бағдарламалар өз мәресіне жетті. Бірақ фестивальдің негізгі мақсаты бір күндік мерекелік шара өткізумен ғана шектелмеді. Мұнда өңірдің туристік мүмкіндігін көрсету, халықаралық және өңіраралық байланыстарды кеңейту, жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерін таныту, ауылдық туризм мен гастрономиялық бағыттың мүмкіндігін ашу секілді бірнеше міндет қатар қамтылды.

Шығыс Қазақстан үшін туризмнің артықшылығы – бір ғана бағытпен шектелмейтінінде. Бір туристі таулар мен табиғи ландшафт қызықтырса, енді бірі тарихи орындарға, ұлттық мәдениетке немесе жергілікті тағамдарға мән береді. Біреуі жаяу жорықты таңдаса, екіншісі отбасылық демалысты қалайды.

«TourEast ALTAI KZ» фестивалі осы мүмкіндіктердің барлығын бір кеңістікке жинап, Шығыс Қазақстанның туристік картасын жан-жақты көрсетуге мүмкіндік берді. Ал өңірдің туризм саласында еңбек етіп жүрген кәсіпкерлер мен мамандардың марапатталуы бұл бағыттағы еңбектің де назардан тыс қалмайтынын көрсетті. Бүгінде қонақүйден бастап тау соқпағына дейін, гид қызметінен жергілікті өнімге дейінгі көптеген құрамдас бөлік бір туристік жүйенің бөлшегіне айналып келеді.

Өскемендегі фестиваль осындай жұмыстардың басын қосқан ауқымды алаң ретінде өтіп, Алтайдың туристік әлеуетін жергілікті тұрғындармен қатар шетелдік қонақтарға да таныстырды.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бір қабатты Шығыс»: Күршімде 30 үй салынып жатыр

«Бір қабатты Шығыс»: Күршімде 30 үй салынып жатыр

30.09.2026, 15:00
ШҚО-да ауыл балалары арасында «AUYL SPORT-2026» облыстық турнирі басталды

ШҚО-да ауыл балалары арасында «AUYL SPORT-2026» облыстық турнирі басталды

30.09.2026, 14:02
Өскеменде Катонқарағай ауданының мәдени күндері өтеді

Өскеменде Катонқарағай ауданының мәдени күндері өтеді

30.09.2026, 11:50
Зайсан көлінде жоғалған екі ер адамның мәйіті табылды

Зайсан көлінде жоғалған екі ер адамның мәйіті табылды

30.09.2026, 10:03

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бір қабатты Шығыс»: Күршімде 30 үй салынып жатыр

30.09.2026, 15:00

ШҚО-да ауыл балалары арасында «AUYL SPORT-2026» облыстық турнирі басталды

30.09.2026, 14:02

Өскеменде Катонқарағай ауданының мәдени күндері өтеді

30.09.2026, 11:50

Зайсан көлінде жоғалған екі ер адамның мәйіті табылды

30.09.2026, 10:03

800 техника сақадай сай: Шығыс Қазақстан қыс мезгіліне қалай дайындалып жатыр?

30.09.2026, 09:20

Қазақстандықтардың 85%-дан астамы Президенттің армияны реформалау туралы шешімін қолдайды

29.09.2026, 15:51

Өскеменде кезекті есірткі тасымалдау фактісінің жолы кесілді

29.09.2026, 12:17

ШҚО-да 412 мың тонна астық бастырылды

29.09.2026, 11:20

ШҚО-да жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жүргізушілер жауапқа тартылды

29.09.2026, 10:11

Түнде үсік жүріп, күн суытады — ШҚО

29.09.2026, 09:25

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған