F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Су түбіндегі шындық: Ертіске экологиялық апат қаупі төніп тұр ма?

F16 F16
24.02.2026, 11:17
Жаңалықтар, Қоғам, Фоторепортаж, Экология
Фото: Tereze. 2026 ж.

Фото: Tereze. 2026 ж.

Ертіс — үш мемлекетке ортақ стратегиялық өзен. Кейінгі жылдары оның экожүйесі өзгеріске ұшырай бастады. Оған климаттың өзгеруі, гидроэнергетика, өзен суын көп мөлшерде шаруашылыққа пайдалану, өндіріс қалдықтарымен ластану сияқты факторлар әсер етіп жатыр. Ғалымдар трансшекаралы өзенді сақтап қалу үшін қазірден бастап кешенді шаралар қолға алынбаса, келешекте Ертіс экологиялық апат аймағына айналуы мүмкін дейді.

Фото: Tereze/Өскеменді қақ жарып аққан Ертіс. 2025 жыл, жаз.

Бастауын Моңғолияның Алтай тауларынан алатын Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы – 4248 шақырым. Оның 1698 шақырымы Қазақстан аумағымен өтеді. Зайсан көліне құярда Қара Ертіс аталып, ағып шыққанда Ұлы Ертіске айналатын алып өзенге қазақ жерінде Қалжыр, Алқабек, Күршім, Бұқтырма, Үлкен Бөкен, Нарын, Қайыңды, Үлбі, Ұлан, Шар, Шаған, Тобыл, Есіл сияқты салалар қосылады. Су молайып, кемері кеңейгендіктен болар, жұрт оны Ұлы Ертіс атап кеткен.

Фото: Tereze/видеодан алынған кадр. Өскемен СЭС. 2025 жыл, күз.

Ертіс өзенінде Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі су электр станциялары салынған. Жасанды бөгеттер су ағысын реттеп, табиғи циклді бұзды. Бұл балықтардың уылдырық шашу кезеңіне кері әсер етіп отыр. Ал көктемде алқаптарға судың жайылуы тоқтап, жердің құнары азайды.

Фото: Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ/Қара Ертіс өзені. Су сапасын зерттеп жүрген ғалымдар. 2024 жыл, күз.

Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары 2023-2024 жылдары  Ертіс өзені экожүйесінің индустриялық даму және жаһандық үдерістер жағдайындағы өзгеруін зерттеді. Нәтижесінде өзеннің жоғары ағысында су сапасы салыстырмалы түрде таза болса, төменгі ағысында орташа деңгейде ластанғаны анықталды. Оның ішінде аммоний азоты, фосфат, мырыш, мыс және марганец концентрациясы бар.

Фото: Tereze/2026 жыл, қыс.

Ертіс тартылса, өзендегі тіршілік атаулыға залал келеді. Су түбіндегі өсімдіктер мен жәндіктер өледі, биота бұзылады, онымен қоректенетін балықтар қырылады. Жағалауы сортаңға айналады. Жер ылғалын жоғалтады. Егіншілікке жарамсыз алқаптар көбейеді. Жайылым тозып, шаруашылық тоқырайды. Негізі үлкен су айдындары сол аймақтың микроклиматын реттеп тұратынын ұмытпау керек. Су азайса, климат та өзгереді, – дейді техника ғылымдарының докторы, профессор Валентина Колпакова.

Фото: Tereze/Күршім ауданының Ақсуат ауылы. 2025 жыл, қыс.

Зайсан көлі жағасында қайрандап қалған қайық. Қара Ертістің суы азайса көлдің де кемері тартылып, жағалауды ұрған ақжал толқындар ауылдан алыстап кетеді.

Фото: Tereze/ Ертіс өзені. Глубокое ауданы. 2025 жыл, күз.

Ертіс жағалауына орнатылған қиыршық тас өндіретін қондырғы. Глубокое ауданы тұрғындарының айтуынша, өзен жағасынан қиыршық тас қазып алған сайын судың арнасы бұзылып, су лайлана бастаған.

Фото: видеодан алынған кадр/2025 жыл, көктем.

Өскемендегі Ертіс (оң жақта) пен Үлбі (сол жақта) өзендері қосылған тұс. Үлбінің суы өндіріс қалдықтарымен қаншалықты ластанғанын білу үшін ғалым болудың керегі жоқ. Өзеннің жағдайы көзге көрініп тұр.

Фото: Tereze/Үлбі өзені. 2026 жыл, қыс.

2025 жылы «Қазгидромет» Қазақстандағы өзендердің су сапасын зерттеп, қорытындысын жариялады. Мемлекеттік кәсіпорынның мәліметінше, елдегі ең лас су көздері қатарында Шығыс Қазақстандағы Үлбі, Тихая, Глубочанка, Красноярка, Оба өзендері аталған, олардың бәрі – Ертістің саласы.

Фото: А.Калачев/Кіші Карагужиха өзені. 2021 жыл, жаз.

Юбилейно-Снегирихинский кеніші жабылғанда жол берілген заңсыздықтар салдарынан Кіші Карагужиха өзені ластанды. Экология департаменті жүргізген зерттеулер судағы ауыр металдар (мырыш, кадмий, темір, марганец және т.б.) мөлшері рұқсат етілген нормадан 83 мың есе асып кеткенін растады. Кеніш аумағындағы уланған бұлақтар Кіші Карагужиха мен Үбі өзендеріне қосылып, ары қарай Ертіске құяды.

Фото: Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ/Ертіс суынан сынама алу процесі. 2024 жыл, күз.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіреді деп есептелген бірінші санаттағы 60 кәсіпорын бар. Оның 28-і өндіріс қалдықтарын өзенге ағызады. Соның салдарынан судағы ауыр металдардың мөлшері шекті шамадан артады. 

2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында  Үлбіде – 7, Глубочанкада – 4, Краснояркада – 3, Обада – 1, Ертісте – 2 рет шектен тыс ластану жағдайы болған.

Тегтер: F16Ертіс өзеніқара ертісқоршаған ортаны қорғауластануСуТабиғатҮлбіШҚОЭкология
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Дербес деректер – басты құндылық: Бектенов цифрлық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Дербес деректер – басты құндылық: Бектенов цифрлық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

28.04.2026, 12:55
Тынысы тарылған Өскемен

Өскеменде ауаның ластану деңгейі жоғары күйінде қалып отыр

28.04.2026, 12:20
Меморандум көп, нәтиже аз: ШҚО әкімі инвестжобалардың игерілмей жатқанын сынға алды

Меморандум көп, нәтиже аз: ШҚО әкімі инвестжобалардың игерілмей жатқанын сынға алды

28.04.2026, 11:57
Туристік маусымға дайындық: қауіпсіздік пен инфрақұрылым басты назарға алынды

Туристік маусымға дайындық: қауіпсіздік пен инфрақұрылым басты назарға алынды

28.04.2026, 11:30

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дербес деректер – басты құндылық: Бектенов цифрлық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

28.04.2026, 12:55

Өскеменде ауаның ластану деңгейі жоғары күйінде қалып отыр

28.04.2026, 12:20

Меморандум көп, нәтиже аз: ШҚО әкімі инвестжобалардың игерілмей жатқанын сынға алды

28.04.2026, 11:57

Туристік маусымға дайындық: қауіпсіздік пен инфрақұрылым басты назарға алынды

28.04.2026, 11:30

ШҚО-да су тасқыны қаупі сейілмей тұр

28.04.2026, 10:42

Қазақстандық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық роботты техника чемпионатында топ жарды

28.04.2026, 10:17

Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты

28.04.2026, 09:55

Алтай станциясында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

28.04.2026, 09:33

Жас ұстаз Жалғас Болатханұлы шекара түбіндегі ауыл мектебін неге таңдады?

27.04.2026, 18:23

Айналма жолдың ортасынан ер адамның денесі табылды – Өскемен

27.04.2026, 17:38

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған