Соңғы бір жарым жылдың ішінде елімізде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
– Біздің мақсатымыз қарапайым және айқын – емхананы әр адамға барынша жақын әрі қолжетімді ету, – деп жазады дерек көзі.
Белгілі болғандай, елімізде скринингтік бағдарламалар кеңейтілген:
- қатысушылардың жасы 76 жасқа дейін ұлғайтылды – қосымша шамамен 1 миллион адам қамтылды;
- жоғары сезімталдықтағы тестілер енгізілді – созылмалы ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 1,5-2 есеге артты;
- ми қан айналымының бұзылуын ерте анықтау үшін 50-76 жас аралығындағы ер адамдарға арналған жаңа скрининг енгізілді;
- онкоскринингтер ТМККК пакетіне енгізілді – енді олар 300 мың сақтандырылмаған азаматқа да қолжетімді.
– Біз пациенттің жолын жеңілдетудеміз. Учаскелік дәрігерлердің жұмыс күні 8 сағатқа дейін ұзартылды, оның 6 сағаты пациенттерді қабылдауға бөлінген. Бұл азаматтардың дәрігерге қолжетімділігін арттырып, мамандарға кезекті қысқартуға мүмкіндік берді, – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Бүған қоса:
- Цифрлық шешімдердің арқасында жалпы практика дәрігерлеріне қолжетімділік 3,5 есеге, бейінді мамандарға – 15 есеге артты.
- Тиімді өндіріс қағидаты енгізілді – қағазбастылық азайды, пациентке бөлінетін уақыт артты.
– Дәрігердің кейбір функциясы мейіргерлерге берілді, соның нәтижесінде халықты алғашқы көмекпен қамту деңгейі 60%-дан 80%-ға дейін өсті.
Елімізде медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарын ынталандыру шаралары күшейтілді:
- онкологиялық аурулар мен туберкулезді ерте анықтағаны үшін 5 айлық есептік көрсеткішке дейінгі бонустар;
- ынталандырушы компонент көлемі 2 есеге артты;
- сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін тоқсанына 2 миллион теңгеге дейін төлем қарастырылған.
Сондай-ақ еліміздегі МСАК-ты трансформациялау шеңберінде 687 медициналық ұйымның басшылары мен мыңдаған маман, дәлірек айтсақ, 787 жалпы практика дәрігері, 978 мейіргер, 279 колледж оқытушысы және 697 жоғары оқу орнының оқытушысы оқытудан өтті.
Әдеттегідей, ана мен бала денсаулығын сақтауға ерекше назар аударылған. Соның арқасында соңғы бір жылдың ішінде:
- нәресте өлімі 15%-ға;
- бастапқы мүгедектік 7,5%-ға төмендеді;
- үй жағдайындағы нәресте өлімі 22%-ға азайды.
– Ел аумағында «Салауатты Ана» пансионаттары, жүкті әйелдерді бақылауға арналған 20 жағдайлық орталық және 100 ерте араласу орталығы ашылуда. Бұған қоса емханаларда жаңа педиатриялық бөлімшелерді іске қосу жұмыстары жалғасып жатыр, – деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.




