F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанда жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімі бекітілді

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
10.10.2025, 16:22
Заң, Спорт
Қазақстанда жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімі бекітілді

Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімін бекітті. Оған Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарының бағдарламасына енген 65 спорт түрі, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері енгізілді, деп хабарлайды F16.kz.

Туризм және спорт министрлігі таратқан ақпаратқа сенсек, аталған спорт түрлерін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен басым тәртіппен жүргізіледі. Қаражат спорт резервін даярлауға, спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына, оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шаралар өткізуге, спорт инфрақұрылымын күтіп-ұстауға және дамытуға бағытталады.

65 жоғары жетістіктер спорты түрінің ішінен 46-сы басымдыққа ие деп белгіленді. Олардың қатарында 11 ұлттық спорт түрі бар. Іріктеу жұмыстары Қазақстан ұлттық құрамаларының Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарында көрсеткен нәтижелеріне қарап жасалды.

Жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізіміне енбеген спорт түрлері бұқаралық спорт қағидаты бойынша дамытылады. Жергілікті атқарушы органдар спортшылардың ел чемпионаттары мен кешенді жарыстарға қатысуын қаржыландырады. Ал халықаралық жарыстарға бюджет есебінен қатыса алмайды. Тек демеушілердің немесе өзге де қаражат есебінен қатысуына болады.

– Тізім жыл сайын жаңартылып отырады. Бұл Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен спорт түрлерін қосуға мүмкіндік береді. Заң жобасына енгізілген түзетулер қоғам өкілдері, депутаттар, спорт саласының мамандары, федерациялар, бапкерлер, сарапшылар қауымдастығы мен үкіметтік емес ұйымдардың пікірін ескере отырып дайындалғанын ерекше атап өткен жөн, – деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елде спорт саласына кешенді реформа жүргізілуде. Министрлік дене шынықтыру және спорт саласын жүйелі реформалауға бағытталған «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасын әзірледі.

Заң жобасындағы бірқатар маңызды өзгерістер:

  • спорттың ойын түрлері бойынша кәсіби клубтарды күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатына лимит енгізу;
  • Қазақстан Республикасының азаматы емес спортшыларды бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салу;
  • «басым спорт түрлері» ұғымын нақтылау және олардың өңірлік тізімін бекіту;
  • аккредиттелген спорт федерацияларына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын қабылдау міндетін жүктеу;
  • спорт федерацияларын аккредиттеу талаптарын күшейту;
  • «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымын енгізу;
  • дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдар басшыларын ротациялау тетігін енгізу;
  • «спорттық дайындықтың ұлттық стандарттары» ұғымын бекіту.

– Министрлік елімізде спорттың тұрақты дамуына жағдай жасап келеді. Ұлттық спорт түрлеріне олимпиадалық спорт түрлерімен тең мәртебе беріліп, вертикалды басқару жүйесі қалыптастырылады. Сондай-ақ бюджет қаражаты әлдеқайда тиімді жұмсалмақ, – деп жазады дерек көзі.

Тегтер: F16Заң жобасыРеспубликаТуризм және спорт министрлігіҰлттық спорт
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Паделден ерлер арасында қола жүлдегерлер анықталды

Паделден ерлер арасында қола жүлдегерлер анықталды

02.07.2026, 19:40
Жібек Құламбаева ITF турнирінің ширек финалына шықты

Жібек Құламбаева ITF турнирінің ширек финалына шықты

02.07.2026, 19:07
Шығысқазақстандық оқушылар Азия чемпионатына жолдама алды

Шығысқазақстандық оқушылар Азия чемпионатына жолдама алды

02.07.2026, 18:34
Шығыс Қазақстан — Қазақстан волейболының алтын бесігі!

Шығыс Қазақстан — Қазақстан волейболының алтын бесігі!

01.07.2026, 14:02

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған