Кейінгі жылдары облыс орталығында «Туған жер — алтын бесігім» жобасы аясында әр ауданның мәдени күндерін өткізу дәстүрге айналған. Бұл жолы «Ертіс концерттің» үлкен залында Самар ауданы өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтті, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл – ауданның мәдени күндері аясында ұйымдастырылған шаралардың бірі.
Гала-концертте өңірдің талантты ұл-қыздарынан бөлек, қазақ эстарадасының жарық жұлдызы Медет Көжекбаев қала тұрғындарын ән мен күйге бөледі.
Мәдени күндер аясында түрлі шаралар жоспарланған. Ауданымыздан шыққан актер, сценарист Рысқұл Қонақбаевпен кездесу өтті. Қазір тек концерт емес, жергілікті өнімдер мен қолөнер бұйымдарының көрмесі де қойылды. Әдеттегідей, сенбілік жәрмеңке де жоспарланған, — деді Самар ауданының әкімінің орынбасары Мұрат Байжуминов.
Сонымен қатар шарада арнайы өскемендіктер үшін 600-ге бұйымдар көрмеге қойылған.
Өзіміз Самардың тумасы болғандықтан мәдени күндердің өтетінін естіп, жерлестерімізді көріп, әуезді ән тыңдау үшін арнайы келдік. Жақын жер болса да, туған жерді сағынасың. Жәрмеңкеге де барып, жергілікті өнімдер аламын деп отырмын, — деді қала тұрғыны Нұрбақыт Асқарова.
Мәдени күндер осымен аяқталған жоқ. Бүгін сенбілік жәрмеңке өтіп жатыр. Жоспарда спорттық шаралар да бар. Ертең аудандық спортшылар арасында волейболдай жарыс өтеді.








