F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да салық тәртібіне бақылау күшейтілді

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
30.10.2025, 13:42
Қоғам, Экономика
ШҚО-да салық тәртібіне бақылау күшейтілді

Фото: ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі

ШҚО-да 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 336,3 миллиард теңге көлемінде салық түсімдері түсті. Оның ішінде 170,3 миллиард теңге жергілікті бюджетке, ал 166 миллиард теңге республикалық бюджетке бағытталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.

Белгілі болғандай, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 192,3%-ға жетіп, 161,4 миллиард теңгеге артқан. Соның ішінде жергілікті бюджет бойынша өсім – 113,8% (20,6 млрд теңге), ал республикалық бюджет бойынша – 658,6% (140,8 млрд теңге).

Салық түсімдерінің негізгі бөлігін келесі салық түрлері құрады:

  • пайдалы қазбаларды өндіру салығы – 22% немесе 74,1 млрд теңге;
  • ірі кәсіпорындардан түскен корпоративтік табыс салығы – 22,4% немесе 75,4 млрд теңге;
  • төлем көзі арқылы ұсталған жеке табыс салығы – 15,1% немесе 50,9 млрд теңге.

Экономикалық салалар арасында ең көп түсім өңдеу өнеркәсібінен түскен – 28,6% (96,3 млрд теңге). Бұдан бөлек, көтерме және бөлшек сауда – 15% (50,4 млрд теңге), тау-кен өндірісі – 13,5% (45,3 млрд теңге), құрылыс саласы – 8,4% (28,1 млрд теңге) үлесін иеленді.

18 маусым мен 16 қыркүйек аралығында облыс аумағындағы туристік нысандарда 110 рейдтік тексеру жүргізілді. Шара барысында кәсіпкерлердің бақылау-кассалық машиналарды, қолма-қол емес төлем жүйелерін пайдалану және салықтық тіркелу тәртібі қаралды.

Нәтижесінде 148 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, оның 104-іне алғаш рет болғандықтан ескерту берілді. 39 іс сотқа жолданып, құқық бұзушыларға 6,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот шешімімен 125 850 теңгеге темекі өнімдері және 947 630 теңгеге алкогольдік ішімдік тәркіленді.

Мәселен, Катонқарағай ауданында кәсіпкер жазғы үйді тіркеусіз жалға беріп келсе, Самар ауданында кассалық аппарат пен төлем қабылдау құрылғысы болмағаны анықталды.

1 сәуірден кейін жеке тұлғалардың көлік және мүлік салығы бойынша 1 091 миллион теңге берешек қалыптасты. Бүгінге дейін оның 600,6 миллионы өтелді.

– Қарызды азайту мақсатында салық органдары бірқатар шараны бастаған. Атап айтсақ, қарызы бар адамдарға ескертпе-хаттар жолданып, өсімпұл есептеледі, өндіріп алу туралы қаулылар шығарылады, істер жеке сот орындаушыларына беріледі. Қажет болған жағдайда мүлікке тыйым салынып, банктік шоттар бұғатталады, шетелге шығуға шектеу қойылады, – дейді Сайранқан Қабыш.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 789 рейд өткізілді. Нәтижесінде 17,6 миллион теңге көлемінде берешек өтелсе, жұмыс істейтін борышкерлерден қосымша 7,5 миллион теңге өндірілді.

2 қазаннан бері мүлік салығы бойынша берешек 483,5 миллион теңгеден 506 миллион теңгеге дейін өскен.

Салық органдары азаматтарға ескертеді: егер іс жеке сот орындаушыларына берілсе, қарыз сомасына қосымша 25% көлемінде өндіріп алу шығыны қосылады. Сондықтан артық шығын мен шектеу шараларына жол бермеу үшін салықтарды уақтылы төлеу маңызды. Төлемдерді eGov порталы, e-Salyq Azamat, Kaspi, Halyk және өзге де онлайн сервистер арқылы жүргізуге болады.

Тегтер: TopберешексалықШҚОШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қалам қуаты мен өмір өнегесі: Шығыстың ардагер журналисіне құрмет көрсетілді

Қалам қуаты мен өмір өнегесі: Шығыстың ардагер журналисіне құрмет көрсетілді

01.07.2026, 15:06
Кворумсыз және тыңдаусыз: жер бөлу кезінде заң талаптары бұзылған

Кворумсыз және тыңдаусыз: жер бөлу кезінде заң талаптары бұзылған

16.06.2026, 09:01
Шығыс Қазақстанда қауіпті пәтерлерге қатысты ведомствоаралық топ жұмыс істеп жатыр

Шығыс Қазақстанда қауіпті пәтерлерге қатысты ведомствоаралық топ жұмыс істеп жатыр

20.05.2026, 12:27
Тоқаев Алатау қаласына қатысты конституциялық заңды бекітті

Тоқаев Алатау қаласына қатысты конституциялық заңды бекітті

08.05.2026, 17:12

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған