F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі кеңейтілуі мүмкін

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
04.12.2025, 18:13
Әлеумет, Экономика
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі кеңейтілуі мүмкін

Фото: gov.kz

ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы №166-НҚ «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу жөніндегі бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды F16.kz порталы.

Сауда және интеграция министрлігінен хабарлағандай, бұйрық жобасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қазіргі тізбесін кеңейту көзделген. Бұған дейін тізбеде 19 атау болса, жаңа жобада олардың санын 33-ке дейін арттыру ұсынылып отыр.

Бұйрық жобасына сәйкес жаңартылған тізбеге қызанақ, қияр, алма, сиыр еті (сүйегімен), сүйексіз сиыр еті, тартылған ет, қой еті (сүйегімен), жаңа ауланған немесе салқындатылған балық, мұздатылған балық, ультрапастерленген сүт, қаймақ, қатты ірімшік пен қара шайды қосу көзделген. Әр позиция бизнес қауымдастықпен, кәсіпкерлер палатасымен және мемлекеттік органдармен қосымша талқылаудан өтеді.

– Тізбені уақытша кеңейтудің негізгі мақсаты – халықтың күнделікті тұтынатын басты азық-түлік өнімдеріне қолжетімділігін арттыру және олардың бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, – деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, ӘМАТ тізбесін кеңейту – уақытша қолданылатын шара. Ол аталған тауарлардың бағасын қалыптастыру үдерісінің ашықтығын арттыруға және жоғары үстеме баға қоятын өнімсіз делдалдарды айналымнан шығаруға бағытталған. Бұл өзгерістер аталған тауарларды өндірушілер үшін өндіріс көлемін ұлғайту мен өндіріс қуатын кеңейтуге қосымша ынталандыру болады.

Тауарлардың ӘМАТ тізбесіне енгізілуі өндірушілер мен импорттаушыларды сауда желілеріне сыйақы мен ретробонустар төлеу міндетінен босатады. Бұл өз кезегінде тауарлардың түпкілікті бағасын төмендетуге және бизнестің қаражаттын өз қызметін дамытуға бағыттауына мүмкіндік береді.

Тізбеге енгізілген тауарларды өндірушілер мемлекеттік қолдаудың бірқатар шараларына, мәселен әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеңілдетілген тарифпен тасымалдау, коммуналдық қызметтер бойынша бекітілген тарифтер, жеңілдетілген айналым қаражаты және өзге де қолдау құралдарына қол жеткізе алады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ұсынылып отырған тізбесі:

  1. Бірінші сұрыпты бидай ұны;
  2. Бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған бидай наны (пішінді);
  3. Рожки (өлшеніп салынатын);
  4. Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын);
  5. Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын);
  6. Картоп;
  7. Ас сәбізі;
  8. Пияз;
  9. Ақ қауданды орамжапырақ;
  10. Қызанақ;
  11. Қияр;
  12. Алма;
  13. Қант – құмшекер;
  14. Күнбағыс майы;
  15. Сүйегі бар сиыр еті;
  16. Сүйексіз сиыр еті;
  17. Тартылған ет;
  18. Сүйегі бар қой еті;
  19. Сүйегі бар жылқы еті;
  20. Жаңа ауланған немесе салқындатылған балық (таран, теңге балық, көксерке, шортан, сазан, ақсақа);
  21. Мұздатылған балық (көксерке, минтай, хек, камбала, скумбрия, сазан);
  22. Тауық еті (жамбас, сирақ, тауық сан еті);
  23. Тауық;
  24. 2,5% майлылықтағы жұмсақ қаптамадағы пастерленген сүт;
  25. Ультрапастерленген, стерилденген сүт;
  26. 2,5% майлылықтағы айран;
  27. Қаймақ;
  28. 5-9% майлылықтағы сүзбе;
  29. Қатты ірімшік;
  30. Сары май (тұзсыз, кемінде 72,5% майлылық, қоспасыз және өсімдік майларынсыз);
  31. Тауық жұмыртқасы (I санат);
  32. Қара шай;
  33. Ас тұзы («Экстра» санатынан басқа).

Сауда және интеграция министрлігі барлық мүдделі азаматты, бизнес өкілдерін және сарапшыларды «Ашық НҚА» порталындағы (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15715467) бұйрық жобасын қоғамдық талқылау іс-шарасына белсенді қатысуға шақырады.

Тегтер: F16әлеуметтік маңызы бар азық-түлікРеспубликаСауда және интеграция министрлігі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

«AMANAT» бағдарламасы: ШҚО-ның шалғай ауданында медициналық көмек енді қолжетімді

«AMANAT» бағдарламасы: ШҚО-ның шалғай ауданында медициналық көмек енді қолжетімді

13.05.2026, 12:00
Шығыс Қазақстанда ғасыр жасаған майдангерлерге құрмет көрсетілді

Шығыс Қазақстанда ғасыр жасаған майдангерлерге құрмет көрсетілді

08.05.2026, 16:47
Шығыс Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?

Шығыс Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?

06.05.2026, 12:00
Amanat керуені: ауыл тұрғындарына тегін медициналық және құқықтық көмек көрсетілді

Amanat керуені: ауыл тұрғындарына тегін медициналық және құқықтық көмек көрсетілді

06.05.2026, 11:00

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да есірткіге қарсы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр

21.09.2026, 14:16

Шығыс Қазақстан мен Польша экономикалық байланыстарды нығайтып келеді

21.09.2026, 12:55

Таза Қазақстан: шығысқазақстандықтар сенбілікке белсене қатысты

21.09.2026, 11:43

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 15 лицензия кері қайтарылды

21.09.2026, 10:06

ШҚО-да «Нашақорлыққа жол жоқ!» облыстық жастар форумы өтті

18.09.2026, 15:29

Катонқарағайдағы әуежай құрылысы қашан аяқталады?

18.09.2026, 14:46

ШҚО әкімі Үлкен Нарын ауданындағы бірнеше нысанды аралады

18.09.2026, 12:32

Зайсан көлінде жоғалған екінші балықшының денесі табылды

18.09.2026, 11:19

Тұғылда суға батып кеткен балықшылардың бірі табылды — Тарбағатай

18.09.2026, 10:17

Осинов асуын айналып өтетін жаңа жол қарашада пайдалануға беріледі

18.09.2026, 10:10

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған