19 маусымда кімдер теледидар көре алмай қалады?
19 маусым күні Шығыс Қазақстанның бірқатар елді мекендерінің тұрғындары теледидар көре алмай қалады. Неге?
Бұл күні сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін цифрлық эфирлік телехабар тарату уақытша өшіріледі. Себебі «Өскемен» РТС-да техникалық жұмыстар жүргізілмек екен, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Телехабар тарату уақытша тоқтатылатыны туралы жергілікті әкімдіктер әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялап отыр.
Телехабар тарату тоқтатылатын елді мекендер: Өскемен қаласы; Глубокое ауданы (Аврора, Белоусовка, Бобровка, Веселое, Глубокое, Кожохово, Комсомольское, Опытное поле, Планидовка, Прапорщиково, Разъезд-226, Степное, Уварово, Ульба- Перевалочная, Ушанов); Ұлан ауданы (17 км, Азов, Айыртау, Ақтөбе, Алмасай, Бестерек, Восточное, Герасимовка, Донское, Қасым Қайсенов, Казачье, Макеевка, Мамай батыр, Мирное, Жаңа Қанай, Ново-Одесское, Отрадное, Сағыр, Саратов, Украинка, Ұлан).
Фото: iStock