Жарияланды: 20:00, 21 март 2025
Басты / АЙДАРЛАР / Өскемен / Не жаңалық?

Өскеменде «ONAY!» жүйесінің қызмет көрсету орталығы ашылды

Бүгін Өскемен қаласында жол жүру ақысын төлеудің жаңа электронды жүйесі – «ONAY!» жолаушыларға қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады.

Жүйенің басты артықшылығы – оны пайдаланудың ыңғайлылығы мен төлем жасаудың әртүрлі тәсілдерінің қолжетімділігі екенін атап өтті. Олардың қатарында байланыссыз төлемдер мен ұялы телефон балансына есептен шығару мүмкіндігі бар. Енді пластик картаны алу міндетті емес – оны мобильді қосымша арқылы рәсімдеуге болады.

Сонымен қатар, «ONAY!» картасы мен қосымшасы бұл жүйе енгізілген Қазақстанның басқа қалаларында да қолданылады. Бұл жиі сапарлайтын азаматтар үшін өте ыңғайлы.

Ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қоғамдық көлікті жаңғырту басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті. Жоспарда экологиялық стандарттарды ескере отырып, автобус паркін жаңарту қарастырылған. «ONAY!» жүйесін енгізу жолаушылар тасымалы саласының ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 

Халыққа арналған жеңілдіктер

Белгілі бір санаттағы азаматтар үшін жол жүрудің жеңілдікті шарттары сақталады. Жеке тұлғаландырылған карталарды келесі азаматтар ала алады:

- 70 жастан асқан зейнеткерлер;

- Көпбалалы отбасылардың балалары және атаулы әлеуметтік көмек (7-18 жас) алушылар;

- Өскемен қаласының құрметті азаматтары;

- ҰОС және жауынгерлік қимылдарға қатысқан ардагерлер, ҰОС қатысушыларының жесірлері;

- I және II топтағы мүгедектер;

- Мемлекеттік наградалармен марапатталған көпбалалы аналар.


Картаны қайдан алуға болады?

Картаны рәсімдеу келесі мекенжайларда жүргізіледі:

- «ONAY!» қызмет көрсету орталығы (Шәкәрім даңғылы, 171);

- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Шәкәрім даңғылы, 149/10);

- Жастар ресурстық орталығы (Жібек Жолы көшесі, 3);

- Жолаушылар тасымалын басқару орталығы (Қазақстан көшесі, 154).

Көлік картасын қайдан сатып алуға болады?

Жолаушылардың ыңғайлығы үшін «ONAY!» көлік карталары қаланың түрлі нүктелерінде, соның ішінде сауда орталықтары мен вокзалдарда сатылады. Картаның құны – 800 теңге.

Қалалық ТКШ бөлімінің басшысының орынбасары Рашид Шерубаевтың айтуынша, қазіргі уақытта жеңілдік санатындағы азаматтарға арналған құжаттарды жинау, қызмет көрсету орталығын жабдықтау және қоғамдық көліктерге қажетті құрылғыларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Барлық жаңашылдықтар қала тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып енгізіледі.

«ONAY!» жүйесі – Өскеменде заманауи, ыңғайлы және ашық қоғамдық көлікке жасалған қадам.

 

 Фото: ШҚО ішкі саясат басқармасы

 

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба