F16.KZ
Жарияланды: 12:00, 04 март 2025
Басты / АЙДАРЛАР / Не жаңалық? / Спорт

Шемонаихада футбол мектебі ашылды

Шемонаиха ауданының Усть-Таловка кентіндегі балалар үшін ерекше жаңалық! Енді ауылдың жасөспірімдері кәсіби футболмен айналысу үшін қалаға бармай-ақ, өз ауылдарында дайындала алады. Мұнда BarS футбол мектебінің филиалы ашылып, балаларға спорттың қыр-сырын үйренуге үлкен мүмкіндік берілді.

Президент бастамасы – ауыл балалары үшін теңдессіз мүмкіндік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық жерлерде спорт секцияларын ашу туралы бастама көтерген болатын. Осы бастаманы қолдаған “AMANAT” партиясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Сайлаубек Омаров тұрғындардың өтінішін ескеріп, футбол мектебінің ашылуына қолдау көрсетті.

— Кез келген спорт чемпионы ауылдан шығатыны анық. Сондықтан біз балалардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, спортпен айналысуына жағдай жасауымыз қажет. Бүгін ауыл тұрғындарының көптен күткен арманы орындалды, — дейді “AMANAT” партиясы Шемонаиха аудандық филиалының төрағасы Елена Шабанова.

 

BarS – болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін мектеп

BarS – бұл жай ғана футбол мектебі емес. Мектеп балалардың спорттық әлеуетін ашуға бағытталған ерекше оқыту әдістемесімен жұмыс істейді. Мұнда балалар тек футбол ойнауды үйреніп қана қоймай, командалық рухты, тәртіп пен табандылықты бойларына сіңіреді.

Оқу бағдарламасы 3 жастан бастап жасөспірімдерге арналған, бұл баланың физикалық және психологиялық дамуына үлкен септігін тигізеді.

Спорт – тек денсаулық кепілі ғана емес, сонымен қатар мінез-құлықты тәрбиелейтін маңызды құрал. Мұндай бастамалар ауыл балаларының тең мүмкіндіктерге ие болуына ықпал етіп, олардың болашағына жасалған маңызды инвестиция болмақ.

Фото: Amanat

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)