Күршім ауданының тұрғыны ұлының соққыға жығылғанын айтып, көмек сұрайды

Күршім ауданы Теректібұлақ ауылының тұрғыны Астанада ұлының ауыр соққыға жығылғанын айтып, әділ тергеу жүргізуді сұрады.
Оқиға биылғы 16 ақпанда болған. 32 жастағы Азат Қабикенов елордадағы Манас көшесінде орналасқан түнгі ойын-сауық орнының маңында ауыр соққыға жығылды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Анасының айтуынша, сол түні «Алания» түнгі клубының алдында күзет қызметкерлері Азатты аяусыз ұрып-соққан. Соққының салдарынан ол ауыр бас-ми жарақатын, бірнеше дене жарақатын алып, қазір ауруханада ес-түссіз жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр.
Азаттың отбасында анасынан басқа, кенже інісі бар. Әкелері осыдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Азат — шаңырақтағы жалғыз асыраушы еді. Қазір оның толық сауығып кетуі үшін күрделі ота мен ұзақ оңалту қажет.
Отбасы барлық бей-жай қарамайтын азаматтардан ақпаратты таратуға және қолдан келгенше көмектесуге өтініш білдіреді. Сонымен қатар, күдіктілердің заң жүзінде толық жауапқа тартылуын талап етіп отыр.
Бұл оқиғаға қатысты Астана қаласының Полиция департаменті төмендегідей жауап берді:
Отбасына қолдау мен көмек көрсету үшін Instagram парақшасы: @azat_komek.
Фото: коллаж F16 (@azat_komek)




