Жарияланды: 10:03, 20 март 2025
Басты / АЙДАРЛАР / Өнер өрісі

ШҚО тұрғыны гаражында «джип» құрастырып жатыр

Қызылорда облысының Шиелі ауданында туып-өскен Талғат Рүстемұлы бірнеше жыл бұрын «Еңбек» бағдарламасы арқылы Шығыс Қазақстанға қоныс аударған.

Қазір Шемонаиха қаласында тұрып жатыр. Жақында жұбайымен бірге шағын дәмхана ашып, кәсіпкерлікке бет бұрды. Оның басты арманы - «Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар автокөлік шығару, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Талғаттың мамандығы — суретші. Дегенмен, жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін ол біраз жыл әскери қызметте еңбек етіп, оның ішінде «Қазбат» құрамында Ирактағы бітімгерлік миссияға қатысқан. Әскери саптан оралған соң да оның техникаға деген қызығушылығы бәсеңдеген жоқ.

Бала кезінен темірге жақын өскен Талғат қазір нағыз шеберге айналған. Кез келген көліктің сынған бөлшегін металдан қайта жасап, жарамды күйге келтіре алады. Бүгінде ол өзінің шағын гаражында жол талғамайтын көлікті қолдан құрастырып жатыр. Оның басты арманы — толық қазақстандық өндірістен шыққан автокөлік жасап шығару.

- Бір күні өз қолымнан шыққан «Қазақстанда жасалған» деген таңбасы бар көлікті еліміздің жолдарында көргім келеді, - дейді ол. 

Қарапайым ауыл азаматының техникаға деген сүйіспеншілігі мен еңбексүйгіштігі өзгелерге де үлгі.

Талғат Рүстемұлымен толық бейнесұхбатты Telegram-арнамыздан көре аласыздар.


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба