Жарияланды: 15:00, 23 март 2025
АЙДАРЛАР / Не жаңалық? / Риддер

«Аққайнардың көзін аш»: Риддерде экологиялық акция өтті

Бүгін Риддер қаласында табиғатты қорғауға бағытталған «Аққайнардың көзі аш!» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Шараға қала тұрғындары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар мен қоғамдық белсенділер қатысты. Бұл бастама табиғи бұлақтарды сақтауға арналған маңызды қадам ғана емес, сонымен бірге туған жерге деген сүйіспеншілік пен бірліктің жарқын көрінісіне айналды.

Акция барысында бұлақтың көзі тазартылып, ашылды. Оның мөлдір суы табиғаттың жаңғыруын және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді бейнелейді. Қатысушылар бұлақтың суын ішіп, ата-баба дәстүрлерін еске алып, табиғаттың шынайы құндылығын сезінді.

Іс-шара аясында ұйымдастырылған мерекелік бағдарлама көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Шығармашылық ұжымдардың ұлттық дәстүрге негізделген қойылымдары акцияға қатысушыларға рухани шабыт пен қуаныш сыйлады. Сонымен қатар, экологиялық сенбілік барысында бұлақтың айналасы тазартылып, табиғи аймақ абаттандырылды. Демалу мен ойлануға қолайлы кеңістік жасалды.

Ұйымдастырушылар мен қатысушылар бұл акцияның игі дәстүрге айналатынына сенімді. Табиғатты аялау – жай ғана сөз емес, нақты іс екенін дәлелдеген барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Таза бұлақтар – біздің бірлігіміз бен туған жерімізге деген қамқорлығымыздың символы болсын!

 

Ақпарат және фото: ШҚО ішкі саясат басқармасы


 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?
04.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Арнайы жоба
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде