F16.KZ
Жарияланды: 14:32, 04 март 2025
Басты / АЙДАРЛАР / Не жаңалық?

Шығыстағы салауатты бастама: Жалғызтал ауылы ішімдіктен толық бас тартты

Шығыс Қазақстан облысында алкогольден бас тартқан ауылдар саны артып келеді. Соңғы уақытта бұл үрдіске Тарбағатай ауданындағы Жалғызтал ауылы қосылды.

Тұрғындар ішімдік өнімдерін тұтынудан толық бас тарту туралы шешім қабылдап, ресми түрде алкогольсіз ауыл мәртебесін алды.

Жалғызтал – 30 үйден тұратын шағын ауыл. Мұнда 150-ге жуық тұрғын өмір сүреді. Ауыл тұрғындары бұл бастаманы бірауыздан қолдап, салауатты өмір салтын ұстануды таңдаған. Қоғамдық тәртіпті нығайту мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қабылданған бұл шешім – ауыл халқының бірлігі мен саналы көзқарасының айқын дәлелі.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, соңғы үш жылда Жалғызтал ауылында бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Полиция өкілдері бұл көрсеткіштің ауыл тұрғындарының саналы таңдауымен тікелей байланысты екенін атап өтті. Себебі, көбіне құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық жанжалдар алкогольдің әсерінен орын алады.

Жалғызтал – Шығыс Қазақстан облысындағы алкогольден бас тартқан алтыншы ауыл. Тұрғындар бұл шешімді тыныш әрі қауіпсіз өмірге қадам ретінде қабылдап, өз бастамалары басқа ауылдарға үлгі болады деген сенімде.

Салауатты өмір салтын таңдаған Жалғызтал – қоғамдағы отбасылық құндылықтар мен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған жарқын мысал.

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...