Жарияланды: 20:00, 21 март 2025
Басты / АЙДАРЛАР / Спорт

Австриядан келген туристер Үлкен Нарын ауданында көкпар жарысын тамашалады

Австриядан келген туристер Наурызнаманың Ынтымақ күніне орай, Үлкен Нарын ауданында өтіп жатқан Ұлттық ат спорты Көкпар жарысының қонағы болды.

Наурыз мерекесі аясында Ынтымақ күні – екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту және туристік саладағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан маңызды қадам болды. Австриядан келген туристер бұл шараға қатысып, Көкпар жарысынан алған әсерлерімен бөлісіп, жергілікті тұрғындардың қонақжайлығына таңқалғандарын айтты. Орталық Азияны аралап жүрген туристер Қазақстанның әсем табиғатына, мәдениетіне қатты қызыққандарын айтты. Осы орайда Үлкен Нарын ауданында өтіп жатқан ұлттық ат спорты Көкпарды тамашалады.

Туристер Ұлттық ат спорты Көкпар жарысының қадірлі қонақтары болып, ауданның бай мәдениеті мен табиғатымен танысты. Бұл сапар австриялық қонақтар үшін ұмытылмас әсер қалдырғаны анық. Олар Қазақстанның ұлттық спорт түрі Көкпарды тамашалап, ат спортының қызықты тартысынан ләззат алды.

Сонымен қатар, туристер Наурыз мерекесінің мәдени атмосферасын сезініп, ұлттық тағамдардан дәм татып, өзара достық қарым-қатынасты нығайтты. Австриялық туристер Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтап, өздерінің алғыстарын білдірді.

Австриядан келген туристер бұл сапардың өздерінің көкжиектерін кеңейтіп, Қазақстанның қонақжайлылығын терең түсінуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

Фото: ШҚО ішкі саясат басқармасы

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде