Өскемен / Не жаңалық? / Басты
Өскеменде тағы бір бала терезеден құлады
Өскеменде үш жасар қыз терезеден құлап кетті.
Күні кеше ғана Өскеменнің Серікбаев көшесіндегі пәтердің бесінші қабатының терезесінен екі жасар бала құлаған еді. Бұл жолғы оқыс оқиға Тынышбаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Бала бесінші қабаттан құлап, көліктің үстіне түскен екен.
– Терезеден құлаған бала реанимация бөліміне жеткізіліп, нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Онда мамандар тиісті ем көрсетті. Қазіргі уақытта қыз бала ауруханадан шығарылды, – деп мәлімдеді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай қызметінің ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері Өскеменде мұндай екі оқиға тіркелген. Құтқарушылар тұрғындарға алдағы уақытта осындай оқиғаларды болдырмау үшін терезелерге қауіпсіздік құрылғыларын орнатуды ұсынып отыр.
Фото: yarreg.ru
Қатысты сілтемелер:
Шекарадағы ауылдарда құдықтар құрғап, құбырлар қаңсып жатыр, ал халық өзеннен су ішіп отыр
Ауызсу, жол, экология... Шекарадағы Тарбағатай ауданында шешілмеген мәселе көп
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
Қытаймен шекаралас Тарбағатай ауданының тұрмыс-тіршілігі қалай?
Өскемендегі Жамбыл мектебінің екі бухгалтері тергеуге ілінді