Өскемен / Не жаңалық? / Басты
Өскеменде 2 жасар бала терезеден құлады. Жағдайы қалай?
Өскемен қаласында Серікбаев көшесіндегі пәтердің бесінші қабатының терезесінен екі жасар бала құлап кетті.
Анасы үйде болған. Бірақ баланың терезеге қалай шыққанын байқамай қалған екен, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Сәби москит торына сүйеніп, құлап кетіпті. Қазір ол медициналық мекемеге жатқызылды.
Төтенше жағдай қызметі терезелерге қорғаныс құрылғыларын орнату қажеттілігі жайлы ескертеді. Мұндай оқиғалардың негізгі себептерінің бірі осы болса, екіншісі – баланы қараусыз қалдыру.
Фото: ШҚО ТЖД
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз: