F16.KZ
Жарияланды: 14:30, 05 июнь 2025
Өскемен / Жаналықтар

Классик ақынның шығармашылығын дәріптеді

Бүгін, орыс әдебиетінің классигі Александр Пушкиннің туған күніне орай ақын атын еншілеген Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында дәстүрлі мерекелік шара өтті, деп хабарлайды F16.kz.

Іс-шара кітапхана алдындағы скверде, ақынның бюсті орнатылған алаңда ұйымдастырылды. Бірнеше тақырыптық алаңда келушілер Пушкин шығармашылығына жаңа қырынан үңіліп, өткен дәуірдің рухын сезінді. Шараның салтанатты бөлімі ақынның кеуде мүсініне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Оған Ресейдің Өскемендегі Бас консулдығының өкілі, вице-консул Александр Дяченко қатысты.

Бұдан әрі мереке түрлі интерактивтермен жалғасты. «Пушкин ертегілерінің ізімен» атты қазақ және орыс тілдерінде өткен әдеби викторинада қатысушылар ақынның ертегілері мен өлең жолдарын еске түсіріп, логикалық ойлау мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылып, ойындар ойнатылды.

Халықаралық ресурстық орталық алаңында қонақтар «Пушкин және француз тілі» викторинасына қатысып, Американ бұрышының музыкалық нөмірлерін тамашалады.

Мерекелік бағдарламаға облыстағы орыс мәдени орталығының өкілдері белсене атсалысты.

Фото: ШҚО Пушкин атындағы кітапхана

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)